Талдықорған: +38°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚЫЗ НАЛАСЫ

04.02.2022
РУХАНИЯТ
ҚЫЗ НАЛАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Махаббат – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Оны сөзбен суреттеп, тілмен жеткізу мүмкін емес. Риясыз, ынтық, нәзік сезім. Мұндай балғын сезімді  Дамир мен Айя да бастан кешіріп жатқан еді. 
Дамир – бойшаң келген, ірі денелі, қыр мұрынды сымбатты жігіт. Мектепті үздік оқыған. Жігіттің сұлтаны. Айя – қасы көзі қиылған, ерні шиедей қып-қызыл, аққұба келген, қыпша белді нақ сұлудың өзі. Сабақты үздік оқымаса да, тартымдылығымен өзгені баурап алады. 
Махаббат хикаялары тоғызыншы сыныптан басталған. Мұғалімнің екеуін бір партаға отырғызуы да махаббаттың тартылыс күші болар. Бір көшеде тұратындықтан мектепке де бірге барып, бірге қайтатын. Дамир Айяның сабағына көмектесіп, білмегенін үйретіп, үй жұмысын бірге орындайтын. Уақыттарын жиі бірге әрі қызықты өткізетін. «Біз доспыз», деп жүріп, достықтарының қалайша махаббатқа айналғанын байқамай да қалған. Алты жыл бойы бір-бірінен бір сәтке болсын суыған емес, керісінше махаббаттары күннен күнге ұлғая түсіп, тіпті, жарасқан аққудай жұп жазбайтын болды. Өзгелер оларға қызыға да, қызғана да қарайтын. Сырт көзге мінсіз жұп болып көрінгенімен, кейде араларында түсініспеушілік болып қалатын. Айя махаббатына тұрақты еді. Өзіне ғашық болған талай жігіттің сезімін елемегенімен, Дамир өзіне келген қыздардың бетін қайтара алмайтын. Айяның сыртынан бірнеше қызбен көңіл көтеріп, екеуі талай жанжалдасқан. Алайда, махаббат ұлы күш қой, екеуі ажырай алмады. Қазір олар бозбала мен бойжеткен. Түсініспеушілік туса, бірден шешуге тырысады. Бұрынғыдай ұзақ ренжісу, қырсығу, тәкаппарлық деген жоқ. Тек сүйіспеншілік пен ынтызарлық бар. Тәтті сезімнің құшағында шалқып жүргенде, Дамирдің бірауыз сөзі махаббаттарының шырқын бұзғандай болды. Қандай сөз дейсіздер ғой…
Қыстың сол бір ертегідегідей сәтінде қол ұстасып, қос ғашық саябақта серуендеп жүрген еді. Бала кездегі қызықты сәттерін еске алып күліп, қалжыңдасып, біраз көңіл көтерді. Кеш бата Дамир Айяны үйіне шығарып салды. Үйіне жетер жетпестен Дамир:
– Айя, тоқташы. 
– Не боп қалды? 
– Мен әскерге шақырту алдым. 
Үнсіздік… 
– Неге үндемейсің? Шақырту алдым деймін. 
Айяның көзіне еріксіз жас келді. 
– Неге жылайсың? Бір жыл көп уақыт емес қой. Тез өтеді де кетеді. Жиі хабарласып тұрамын деп уәде беремін, әрі әскерге кетіп бара жатқан мен ғана емес қой. 
– Қимаймын. Мен не істеймін? Қалай сенсіз жүрмекпін? 
– Айя, тыңдашы, саған осы күнге дейін қалай айтарымды білмей, ұзақ ойландым. Сәті бүгін түсіп тұр. Таң атысымен жолға шығамын. Бармасам болмайды. Мені күт,  – деді де кері бұрылып кете барды. Айтуға оңай көрінгенімен өзінің де жүрегінің шым еткенін сезді. Бірақ онысын Аяға білдірмеді. Қанша жыласа да Дамирдің әскерге кететінін түсінген Айя оған тек сәттілік тілеп, аман-есен оралуын тіледі. 
Аунап айлар, жылжып күндер өтуде.  Тек ғашығын асыға күткен Айя үшін уақыт тоқтап қалғандай. Әркез Дамирмен өткізген тәтті күндерін есіне алып, ыстық сезіммен жолын тосты. Екеуінің бірге жүрген жерлері ғашықтықтың символындай ескерткіш болып, бірге түскен суреттеріне жиі қарайтын. Дамир жоқта Айяға сөз салған жігіттер де кездесті. Бірақ, Айяның кішкентай ғана жүрегі Дамир деп соқты. Сүйгеніне деген сезіміне  адалдық танытты. 
Күздің қоңыр салқын бір кешінде Айяға белгісіз бір нөмірден қоңырау түсті. Бұл уақытта Дамирдің де әскерден оралатын кезі еді. Отан алдындағы борышын аяқтауына да аз қалған. 
– Алло? 
– Алло, бұл Айя ма? – деген бейтаныс қыздың даусы шықты. 
– Иә, бұл кім екен? 
– Мен… Мен…, – деді де тұтқаны қоя салды. 
Бәлкім үзіліп кеткен шығар деген оймен не үшін хабарласқанын білгісі келіп, Айя қайта қоңырау шалды. Сол бір қоңырау оның өмірін түбегейлі өзгертті. Қоңырау шалған қыздың Дамирден аяғы ауыр болып шықты. Ай-күні жақындап қалған екен. «Жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұр. Сәбиімнің әкесіз өскенін қаламаймын, баламыздың обалына қалғың келмесе, өмірімізден біржола кет. Түсінші, менің қолымнан Дамирді әскерден күтуден басқа еш нәрсе келмейді. Қазір кім өзгенің баласын бауырына басады? Кімнің табалдырығын кеземін? Ал сен сұлусың, жассың, әлі талай жігіт кездеседі. Әлі-ақ бақытты болып кетесің», – деген сөздері Айяның ойын сан-саққа жіберді. Қалай? Қалайша? Мен осыған лайықпын ба? Неге ол мұндай қадамға барды? Осындай сансыз сұрақ оған маза бермеді. Өзегін өртеп, өзін-өзі жегідей жеп барады. Сүйгенінің опасыздығы оның жүрегін мәңгілікке жаралады. Енді не істемек? Кешіре салуға дәті бармады. Оның үстіне бейкүнә періштенің обалына қалармын деген ой қатты мазалады. Бұрынғыдай жайдарлы Айя жоқ. Тұйықталып, еңсесі түсіп кетті. Дамирмен кездескісі де, сөйлескісі де келмеді. Әскердің жолын тосуды да қойды. Біржола үміт үзгендей күй кешті. Бірақ іштегі бір қимастық Айяны мазалай берді. Хабарласа қалса не айтамын деген сауал да санасына жиі оралды. Сөйлесуге де дәті жетпейтіндей күй кешті. Осылай ауыр ой үстінде жүргенде Дамир қоңырау шалды. Телефон тұтқасын көтергісі келмеді. Тіпті, телефонның бетіне «Дамир жаным» деп шығып тұрған жазу жиіркенішті болып көрінді. Қанша қоңырауды кері қайтарғанымен Дамир телефон соғуын тоқтатпады. Ақыры тұтқаны көтеруге тура келді. 
Махаббатының өзіне адал болмағаны былай қойғанда сүйгенінің мына сөзі жүрегін езіп өткендей көрінді. Телефонның арғы жағынан «Жаным, қалайсың?» деген Дамирдің сөзі Айяның намысына тиді, ызаланды. «Жетер! Мен бәрін білемін. Осынша жыл сені шексіз сүйгеніме берген жауабың осы ма? Бекер кеткен уақытым… Енді сен менің өмірімде жоқсың! Екеуміздің арамызда бәрі бітті», – деді. Дамир де өзінің жасырған құпиясының ашылғанын біліп, кінәсін түсінгендей ештеңе дей  алмады. Сүйгеніне жасаған опасыздығына қатты өкінді. Өкінгеннен не пайда? Болар іс болды, бояуы сіңді. 
Арада бес жыл өтті. Айя енді жігіт атаулыға жүрегін ашпаймын дегенімен, ол қазірде екі бүлдіршіннің анасы, аяулы жар. Өмірлік серігі Ерасылмен бақытты өмір сүруде. Ал Дамир қате басқан қадамының кесірінен амалсыздан өзі сүймеген жанмен бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Оның үстіне тосыннан келген көлік апаты мәңгілік мүгедектікке әкелді. Алланың жазғанына көндіккен Дамир өз ісіне өкінетіндей. Өмірдің қаталдығына әлдеқашан көніп, қыз наласы жібермейтінін кеш түсінді. 

Диана ӘЛІМБЕК,
І. Жансүгіров атындағы 
ЖУ-дің студенті

Қатысты жаңалықтар

Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.