Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қызылағаш трагедиясы: оқиғаның желісімен Qaitadan көркем фильмі жарыққа шығады

27.11.2024
РУХАНИЯТ
Қызылағаш трагедиясы: оқиғаның желісімен Qaitadan көркем фильмі жарыққа шығады

Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында қайғылы апаттың болғанына келесі 15 жыл толады. 2010 жылдың наурызында Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып, ауылды топан су басқан еді.

Қызылағаш оқиғасы желісімен елімізде көркем фильм түсірілді. Qaitadan деп аталатын фильм келесі жылы көрермен назарына жол тартады. Көркем туындының идеясын фильм режиссері Думан Еркінбек пен бас продюсер Жалын Тілеуберген іске асырған.

Фильмнің режиссері Думан Еркінбектің айтуынша, қазақ киносында қозғалмаған тақырып жетерлік.  

«Дәл қазір еліміздегі кинолардың барлығы бір тақырып төңірегінде түсіріледі. Бірақ бізде әлемдік киноларға арқау болатын оқиғалар өте көп. Солардың бірі – Қызылағаш оқиғасы. Фильмде тек осы оқиға ғана қамтылмаған, одан бөлек тағы да ой салатын идеясы бар. Оқиға басқаша өрбісе қалай болар еді дегендей, апат кезінде құтқарушы қаһарман образын жасап, көркемдедік. Осы бойынша сценарий жазып шықтық. Фильмді түсіргендегі негізгі мақсатымыз хайп та емес, қозғалмаған тақырып екен деп оны жағалау да емес. Себебі осы уақыт ішінде өзге де көп оқиғалар болды», — дейді Думан Еркінбек.

Фильм режиссері көркем туындының идеясында осындай апаттардың алдын алу, оқиғаны болдырмау, себебі мен салдары сынды бағыттар қамтылғанын айтты.  

Ал фильмнің бас продюсері Жалын Тілеуберген айтқандай, түсірілім бір айдан астам уақытқа созылған. Басты рөлдерде Жасұлан Көпбергенов, Ермек Шынболатов, Шұғыла Ешенова және Әшім Ахметов ойнайды.

«Ауыл тұрғындары да түсірілімге атсалысты. Олар көбіне көпшілік сахналары бар эпизодтарға түсті. Негізінен, кәсіби актерлар өз деңгейінде барынша ойнап шықты. Апаттан кейінгі ауылдың бейнесін көрсету өте күрделі. Сондықтан оқиға кезіндегі көңіл-күйді, эмоцияны жеткізу үшін ауылдың жаңа декорациясын тұрғыздық. Бөгеттің жарылуын бейнелеуде де осы құрылысты пайдаландық», — дейді бас продюсер.

Жалын Тілеуберген атағандай, түсірілім барысында ауа райына қатысты аз-кем қиындықтар туындаған.

«Бір эпизодтың түсірілімі бірнеше күнге жалғасқандықтан, күндегі ауа райы бірдей болуы керек еді. Бірақ біз түсірген ауылда бұршақ, жауын-шашындар жиі болды. Бұл айтарлықтай келеңсіздік туғызды. Осының салдарынан түсірілімді екі аптаға тоқтатып қойған да жағдайлар кездесті. Дегенмен барлығын тиянақтап, соңына дейін түсіріп шықтық», — дейді ол.

Фильм 2025 жылдың алғашқы тоқсанында жарыққа шықпақ. Жақында көрермен назарына фильмнің тизерін ұсыну жоспарланып отыр.

Дереккөз: Azattyq Rýhy.
Фото: Qaitadan

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.