Талдықорған: +8°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҮЗДІК МАМАН

18 наурыз 2017
РУХАНИЯТ
ҮЗДІК МАМАН
WhatsAppTelegramFacebook

Мұражайдағы көне жәдігерлерге қараған сайын тарихтың терең сырларына қанығасыз. Олармен үнсіз сырласасыз. Ал, экскурсовод мамандарының ондағы әр затқа берген сипаттамасын тыңдаған кезде өткен шаққа саяхат жасағандай ерекше әсерге бөленетініңіз тағы рас.

Жуырда kazmuseum.kz сайты Қазақстандағы үздік экскурсоводтардың тізімін жариялады. Сол үздіктердің қатарында  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Әсел Амарғазиева да бар. 
Әсел Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыда туып-өсіпті. Кішкентай кезінен туған елдің тарихы оны қатты қызықтырады. Сол арман жетегімен 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Тарих және экономика» факультетіне оқуға түседі. Мұнда жүріп ол тарихқа одан сайын терең бойлайды. Оқу орнын үздік дипломмен тамамдаған Әсел мұнымен тоқтап қалған жоқ. Білімін ары қарай жетілдіру үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне «археология» мамандығы бойынша магистратураға қабылданады. «Іздену түбі – інжу» дегенді ол өзінің өмірлік қағидасына айналдырады. 
Қолында бір емес, екі үздік дипломы бар маман 2011 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында жоғары дәрежелі экскурсовод болып жұмысын бастайды. Аз уақыттың ішінде өзінің білікті кадр екенін білімімен дәлелдеді. Еңбекшіқазақ ауданындағы археологиялық ескерткіштер бойынша туристік маршруттың жобасын жүзеге асырды. Ондаған ғылыми мақалалардың авторы атанды. Өткен жылы мұражайдың ғылыми қызметкерлері – Алексей Чекин, Досым Зікірия және Әсел Амарғазиева Астанадағы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірге барлау экспедициясына қатысты. Ол Алматы және Жамбыл облыстары аумағында өтті. Экспедиция кезінде топ мүшелері 2200 шақырым жолды басып өтіп, 7 өңірдегі ескерткіштерді зерттеп, 500-ден астам сурет түсірді. Сол жұмыстардың нәтижелері «Тастар сыр шертеді» атты көрмеге қойылған болатын. 
– «Біздің тарих, бұл да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы» деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, тарихымыз тереңде жатыр. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстарын еркін жүргізуге ешқандай тосқауыл жоқ. Тек талмай іздену керек. Осының бәрі Тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін. Бұл мұражай менің танымымды одан сайын тереңдете түсті. Марқұм Бекен атамыздың, атақты археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың өзі біз үшін бір университет еді. Ал, директорымыз Гүлмира Мұхтаровадан үйренеріміз әлі де көп. Ол кісі ғылыми ізденістермен айналысуымызға кең жол ашып отыр. Менің «Үздік экскурсовод» атануым – ұжымның ортақ қуанышы,  – дейді Әсел Амарғазиева.

Болат БАТЫҚҰЛЫ.
Еңбекшіқазақ ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін, 13:03
Президент:   «Республика күні –  жалпыұлттық сипаты бар мереке»

Президент құттықтаулар үшін алғыс айтты

Бүгін, 12:43
Өрт қауіпсіздігін еске салды

Өрт қауіпсіздігін еске салды

Бүгін, 11:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.