Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ»: ТАЛДЫҚОРҒАН ДРАМА ТЕАТРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

24 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ": ТАЛДЫҚОРҒАН ДРАМА ТЕАТРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шырша мерекесі қарсаңында Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театры оңалту орталығының балаларына арнап «Сиқырлы айна» қойылымын ұсынды.

Қайырымдылық шарасына «Бәйтерек» және «Үміт» оңалту орталығының бүлдіршіндері, «Қамқор» балалар үйі, есту, сөйлеу қабілеті нашар балалар интернатының тәрбиеленушілері шақырылды.

Театр директорының орынбасары Ғалия Темірбаеваның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау болашақта да жалғаса береді. «Барлық бала бақытты болуға лайықты. Жас өскінді қоғамнан алыстатпау керек. Балалардың шаттанғанына біз де қуанып отырмыз. Көрермендердің жағдайына қарай қойылымды қысқартыңқырап беруге тырысамыз. Барлығы бүлдіршіндердің қуанышын еселеу үшін жасалып жатқан жағдай», – деді ол.

«Сиқырлы айна» балалардың көңіл-күйін көтерді. Аяз Ата мен Ақшақар сахнаға шыққанда ұл-қыздар шапалақ ұрып, мәз-мейрам болысты. Ертегі кейіпкерлері театр ішін қуанышқа бөледі. Сахнаға орманда жүретін аңдар шығады. Түлкі, қоян, аю, мысық Жаңа жылды күтіп отырады. Бірақ үнемі зұлымдық ойлап жүретін мыстан кемпір осы жолы да сиқырлы айнаға қарап отырған орман аңдарын алдап соғуға әрекет етеді. Десек те, әділдік пен ізгілік түбінде жеңіске жетеді. Өмірдегі негізгі мақсат та сол, адамдар ізгілікпен, бір-біріне деген мейіріммен ғана мәңгі жасайды. Балалар қойылымнан адамгершілік пен парасаттың не екендігін ұғынып, әдемі әсерге бөленіп тарқасты.

Ғалия Әмірқамзақызы Президент шыршасына орай балақайларға тағы бір қойылым қоятындарын айтты. Ертегіні негізінен жақсылық пен жамандық жасайтын кейіпкерлер сомдайды. Мұндағы айтайын деген негізгі ой – түптің-түбінде әділдіктің жеңетіндігін жеткізу. Мақсат – балаларды мейірімділікке тәрбиелеу. Қайырымдылық акциясындағы «Сиқырлы айна» ертегісі де адалдықтың салтанат құруымен аяқталады. Балалар да жаңа театр мен көңіл сергітер ертегіні тамашалап, жүздері бал-бұл жанып шықты.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ

Фото — Айдын НҰРШАНОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.