Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ БАРҒАН»: ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНДА ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ ТӨБЕЛЕСТІ

27 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"ЖАЛҒЫЗ ӨЗІ БАРҒАН": ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНДА ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ ТӨБЕЛЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының мейрамханадағы төбелесі әлеуметтік желіде тез тарады. Осыған байланысты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел түсініктеме берді. Бұл жайында толығырақ «Қазақпарат» жазды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңажылдық кеш емес. Оқиға «Белые розы» мейрамханасында 25 желтоқсан күні, түнгі сағат 00.30-да болған. Аудан әкімінің орынбасары мейрамхана қонағымен сөзге келіп қалған. Дау соңы төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда лауазымды тұлғадан түсініктеме алынған.

Баспасөз өкілінің айтуынша, әкім орынбасарына қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Сондай-ақ, ол Жамбыл ауданы әкімінің төрағалығымен өткен отырыста жаңажылдық ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынған хаттаманың және «Белые розы» мейрамханасы әкімшілігінің Жамбыл ауданы әкімдігінің жаңажылдық кешін өткізбегені туралы түсініктемесі жазылған суреттерді де жариялады.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде бірнеше ер азаматтың жаға жыртысып, бір-бірін соққыға жығып, төбелесіп жатқан сәті бейнеленген бейнематериал тараған еді. Желі пайдаланушылары төбелесте Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерді танып: «Олар жаңажылдық ұжымдық кешті тойлап жатқанда төбелескен», — деген пікір қалдырған.

— Әлеуметтік желіде талқыға түскен бейнежазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының тәртібіне қатысты шешім қабылданады. Ол көңіл көтеру орнына жалғыз өзі барған. Ал мейрамханада мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық басқосу өткізбеген. Жалпы, аудан әкімінің шешімімен аймақта мемлекеттік қызметшілерге мерекелік кеш өткізуге тиым салынған, — деді Ғалымұрат Жүкел.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.