Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫН КӨБЕЙТТІ

22 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫН КӨБЕЙТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Індетке байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде Жамбыл ауданында біраз азамат жұмыссыз қалған болатын. Қарақыстақтағы «Табыс» шаруа қожалығында бұл уақытта еңбеккерлердің қысқартылуына жол берілмей, керісінше, қосымша жұмыс орындары құрылды.

«Табыс» шаруа қожалығының тауарлы-сүт кешені 2017 жылы Қарақыстақ ауылында іске қосылған болатын. Заманауи үлгіде 600 басқа арнап салынған сиыр фермасы шетелдік озық құрал-жабдықтармен жарақтанған.

Шаруашылықтың жұмысы бүгінде табысты жүргізілуде. Қожалық иесі Талғат Естібековтың айтуынша, мемлекет тарапынан ауылшаруашылығына көрсетілген қолдаудың арқасында шаруашылықтың ісі ілгері басты. Қожалық төтенше жағдай кезінде де өз жұмысын жалғастырып, көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай атқарды. Мұнда қолдағы ірі қараның күтімімен қатар мал азығының берік қоры жасалды. Оған қажетті жаздық арпа, сүрлемдік жүгері сияқты дақылдардың тұқымы топыраққа оңтайлы мерзімде сіңірілді.

Кәсіпкер шаруа қожалығындағы жұмыс күшін арттырып, адам санын 36-дан 50-ге жеткізді.

— Оларға осындай қиын кезеңде демеу болуды азаматтық борышым деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұтымды шешімінің арқасында біз әлем алдында коронавируспен белсенді күресіп, оны барынша тежеп отырған ел болып танылдық. Президентіміз Қазақстан халқын әлеуметтік жағынан қолдаудың түрлі шараларын жасауды тапсырды. Соның арқасында миллиондаған отандасымыз мемлекеттің нақты қамқорлығына ие болды. Біздің күшіміз бірлікте екеніне бұл жолы да анық көзіміз жетті. Баршаңызға амандық тілеймін, – дейді кәсіпкер Талғат Естібеков.

Қожалықта Украинадан әкелінген асыл тұқымды «Гольштейн» сиырлары сауылады. Мұнда аталған тұқымның 600 бас ірі қарасы кезең-кезеңімен жеткізіліп, жерсіндірілген болатын. Полтава облысынан алғашқы лекпен әкелінген құнажындар осында бұзаулап, бүгінде олардан өрбіген төлдің екі-үш буыны қалыптасты. Алдағы уақытта тауарлы- сүт кешені толық қуатымен жұмыс істегенде мұнда жылына 6 мың тонна сүт өндірілетін болады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.