Талдықорған: +8°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жаны жомарт азамат

13 қыркүйек 2018
РУХАНИЯТ
Жаны жомарт азамат
WhatsAppTelegramFacebook
Қалың елі қайғырса қалқан, қабырғасы майысса сүйеу болатын азаматтарымыз баршылық. Олар бүгінде берегендігімен де, көрегендігімен де көптің алғысын алып жүр. Халықтың қажетіне жарар дүниеге қаражатын аяған емес. Шама-шарқынша қолғабыс беріп, қалтасындағысымен бөлісуге бар. Бүгін, біз сондай жандардың бірінің ерлігіне куә болып қайттық.

Көксу ауданына қарасты Мұқыры ауылы қашанда берекені тірліктің бастауы деп біледі. Қараша халық бір отбасының баласындай ұйымшыл. Қырда төрт түлігі бірге жайылса, төбеде төрт көзі түгел жиналып ел-қамын ақылдасады. Бұл бабадан балаға жалғасқан дәстүр. Оны бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Ақсақалы батаға бай, жастары жомарт.
Осы алақандай ауылдың ішінде Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп бар. Небір дарынды тұлғалардың ұстаханасына айналған қара шанырақ. Түлеткен түлегінің қай-қайсысы болмасын бүгінде ұлт мүддесі үшін қызмет етіп жүр. Олардың тіпті, әлі күнге алтын ұясына қарайласып тұратыны баршылық. Солардың бірі де бірегейі кезінде Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған, қазірде жеке кәсіпкер Мәулен Мұқашев. Ол өз қаражатына аталмыш білім ордасының іргесіне балаларға арнап үлкен спорт алаңын салып берген. Оның әкесі мен анасы да осы мектепті бітіріп, қабырғасында жұмыс жасаған. Көргендінің баласы екені көрініп тұр. Әке аманатын жерге тастамай ауылына үнемі жәрдемдесіп тұрады. Онысы тіпті әдетке айналған. 
Кешеннің ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Оның лентасын қиюға облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов келді. 
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жер» бағдарламасымен ашылып отырған бұл нысанның болашаққа әкелер пайдасы көл-көсір. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазірдің өзінде жастар спорт алаңының ішінде жүр. Ертең осы азаматтардан олимпиада жеңімпазы шықпасына кім кепіл?! Соған мұрындық болған азамат Мәулен Шапанбайұлының еңбегі зор. Ол көптеген қалталы меценаттарға үлгі бола білді, – дей келе Айдарбек Естебекұлы облыс әкімінің атынан ауыл жұртшылығын қуанышымен құттықтады.
Одан кейін аудан әкімі Алмас Әділ осы спорт алаңының басы-қасында жүрген Алматы облысының Құрметті азаматы Серік Ахымбеков пен Мәулен Мұқашевтың иығына шапан жапты. Бұл тойға ауылдың азаматтары да құр қол келмегендігін көрсетті. Олар қуаныштың соңы жақсылыққа ұлассын деген ниетпен қос азаматқа ат мінгізді.
 – Мен қашанда осы ауылдың баласы екеніме мақтанамын. Бұрынғыдай қызметте емеспіз. Десе де, ауылға титтей де болса септігімді тигізейін деп осы спорт алаңын қолға алдым. Облыс әкімінен бастап баршаңызға алғысымды айтамын. Қолдап, қолпаштағандарыңызға мың да бір рақмет. Құдай қаласа әлі де жақсы жаңалықтардың куәсі боламыз деп ойлаймын, – деді шара барысында сөз  алған Мәулен Шапанбайұлы.
Үстел теннисі, баскетбол, волейбол, футбол сынды спорт түрлеріне қызығатын жастар армандарының орындалғанына мәз. Футбол мен волейбол алаңының көлемі    42/22 метр болса, баскетбол мен теннис алаңы 30/22 метрді құрайды. Бұл мектеп оқушыларының спортпен еркін шұғылдануына мүмкіндік береді. Осы орайда мектеп ұстаздарының келесі жылы турнир өткізбек ойлары бар.  
Иә, туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де атамекен – алтын бесігіне қарыздар. Өйткені, азамат бойындағы құнды қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағы арқылы дариды. Соған сай шара соңында кеш иесі көпшілікке ата-анасы жайлы бейнефильм көрсетіп, рухына Құран бағыштады.
 
Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.