Талдықорған: +11°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАРГОНДАҒЫ ЖАСТАР-АЙ…

16 маусым 2024
РУХАНИЯТ
ЖАРГОНДАҒЫ ЖАСТАР-АЙ...
WhatsAppTelegramFacebook

Ана тілдің қадірін ұғыну арқылы біз ұлттық құндылықтарды сақтап қаламыз. Қаланың кей безбүйрек бозбалалары өз тілін менсінбейді. Көбіне қыздарымыз орыс тілін алға тартып, алдына келіп қазақша сөйлеген жігіттің бетін «колхозник» деген сленг сөзбен  қайтарғанына талай рет куә болдық. Сонда ана тілге деген құрмет қайда? Тілімізді сақтап қалу жолында еңбек етіп « Болашақ жастардың қолында» деп шырылдап жүрген жандардың еңбегін жерге таптағанымыз емес пе? 


Жаргон (французша jargon) – шағын әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ жалпыхалықтық тілдің тармағы. Ал бұл тобы тек жастардың арасында қалыптасып қалған әлеуметтік диалект.  Бұл сөздердің етене қалыптасуына әлеуметтік желілер, араласатын ортасы серпін береді.  Әлеуметтік желі тілдің бұрмалануы мен қысқаруына да әсер етуде. «Не істеп жатырсың?» деген сөзді «Нестеп», «Нестеватсың» деп қысқа қайырады. Киелі сөзімізді сүреңсіз, нәрсіз дүниеге алмастырудың ақыры тілдің жойылуына әкеледі.

Қазақты қазақ қолдамаса басқа кім қолдайды?  Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда тек жастарды ғана кінәлауға болмайды. Оған әлеуметтік желідегі сананы улайтын сайттар мен пайдасы жоқ теледидардағы бағдарламалар да әсер етеді екен. Жастар арасындағы жеңіл әңгімелер, тіпті, отбасыдағы кәкір-шүкір сөз, тәрбиелік мәні жоқ дүниелер де санаға әсер етеді. 

Киноиндустрия саласына көз жүгіртейікші. Соңғы 10 жылда  елімізде көптеген қаралым жинап, түркітілдес халықтарды мойындатқан кинолар орыс тілінде түсірілсе, одан қала берді жаргондарға толы. Тіпті, былапыт сөзді рөлдер де көрініс беріп жатады. Халыққа ұнаған сол туындылар толыққанды құндылыққа негізделмеген, классикалық тұрғыда жоғары мәнге ие емес. Езу тарттырғанымен, елдік тұрғыда салмағы жоқ. Неге? Өйткені елдің табиғи тазалығы, рухани болмысы, шешендігі мен көсемдігі көрініс бермейді. Сол туындыларда тілдік мағынасы жоқ диалект сөздер мен жаргон, сленг сөздер көп.  Мұндайды жібермей көретін жастардың тілі, сөздік қоры сонда қандай деңгейде болатынын өзіңіз бағамдай беріңіз… 

Шыны керек, біз тіл туралы толғанғанда үнемі әдебиет пен журналистикадан бастап мәселенің мәнін тарқатқымыз келеді. Алайда бүгінге дейін қазақ әдебиеті мен қазақ журналистикасы ұлт руханияты тұрғысында өз миссиясын толығымен атқарып келе жатқан ең ұлы сала. Бұл жағынан келгенде біз назарды кино, әлеу- меттік желілердегі бағдарламаларға бұрғанымыз жөн. Жаргондаған жастардың тәлімінің ошағына айналған әлеуметтік желі мен кинотуындыларын таза жүргізгенде ғана, тілдік құнарымыз кемелдене түсетін секілді көрінеді.

    Ерасыл ИМАНБЕК,
    ЖУ білімгері

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда құрылыс қарқынды

Талдықорғанда құрылыс қарқынды

Бүгін, 10:28
Жетісу облысында көлік апаттары 7 пайызға азайды

Жетісу облысында көлік апаттары 7 пайызға азайды

Бүгін, 10:01
Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Ауылдарда өрт сөндіру бекеттері 323-ке жетті

Бүгін, 09:28
270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.