Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАРҚЫН ТҰЛҒАЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

3 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ЖАРҚЫН ТҰЛҒАЛАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Саналы ғұмырын ел игілігі жолына арнаған ардақты азаматтардың сайрап жатқан соқпағындағы жарқын іздері жұрт жадында. Олардың ерен ерлігі мен ғибратты ғұмыры, игілікті істері ұрпақ үшін өнеге. Тағдырын тарихқа таңбалаған тұлғалардың есімін жаңғырту жолында Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің көзі тірісінде тұрған үйлерінің қабырғасына «Ескерткіш тақта» орнатылды.

Биыл ардақты азаматтарға, тұғырлы тұлғаларға арнап 28 ескерткіш тақтасы дайындалған. Күні кеше облыс орталығындағы Қазақстан көшесі, 125-ші тұрғын үйдің қабырғасына Сатыбалды Кеңесов, Жәдігер Шайхин, Көбес Ақылбаевтың ескерткіш тақтасы ілінді. Салтанатты шарада Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов сөз сөйлеп, игілікті істің бастау алғанына жүрекжарды лебізін білдірді.
– Еңбектерімен елге сыйлы болған ардақты ағаларымыз Жетісу жеріне ғана емес, күллі елімізге танылып, халықтың ықыласына бөленгенін ерекше мақтанышпен айтуға болады. Осынау тұғырлы тұлғаларды тарих сахнасына алып шығып, олардың есімін жаңғыртудың өзі ерлік. Баршаңызбен осы қуаныш үстінде қауышқаныма ризамын, – деген шаһар басшысы  өз кезегінде үш тұлғаның өмірбаянына, еңбек жолына, жетістігіне тоқталды. 
Ескерткіш тақтаның шымылдығын шаһар басшысымен бірге облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Ермек Келемсейіт пен Ақшабай Керімбеков салтанатты түрде ашты. Өз кезегінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы сөз алып, атпал азаматтардың адамгершілігін, тұлғалық болмысын тебірене термеледі. Қоғам қайраткері Аманғазы Шегіров, Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбековтар ел перзенттерінің парасат-пайымын, тұғырлы тұрпатын, берік болмысын, сайрап жатқан сара жолындағы бедерлі ізін өнеге етті. Сонымен қатар, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Әміре Әрін сөз алып, нәсілі асыл азаматтардың атқарған ісін, ұлы ел үшін жасаған ерліктерін тебірене жеткізді. Кешегі Жәлменде, Пышан сынды ұлылар шыққан топырақта от жүрегін тулатып өмірге келген Көбес Ақылбаевтың азаматтық қасиетіне ерекше тоқталды. Айбоз ақыннан кейін тұғырлы тұлғалардың жары, балалары, көзкөргендері сөз алып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Осынау ғибратты шараға мұрындық болған қала әкімдігіне, қалалық ардагерлер кеңесіне деген  ризашылықтарын жеткізді.
 Айта кетерлігі, Жәдігер Шайхин 1926 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлтық қауіпсіздік органдарында 43 жыл қызмет атқарса, оның 36 жылында басшылық лауазымда  болған. Қызыл Жұлдыз орденімен және үздік қызмет үшін жиырма алты медальмен марапатталған. Ал Сатыбалды Кеңесов 1935 жылы бұрынғы Гвардия ауданына қарасты Бостан ауылында дүниеге келген. Гвардия аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Талдықорған облыстық тұтынушылар басқармасы басшысының орынбасары, Талдықорған, Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған, екі мәрте «Құрмет» орденімен марапатталған. «Ерен еңбегі үшін» мадалінің иегері. Қазақ ССР халық ағарту ісінің озат қызметкері. Сондай-ақ, Көбес Ақылбаев 1945 жылы Қаратал ауданы, Дөңши ауылында өмірге келген. Өмір жолын қарапайым құрылысшы тасқалаушыдан бастап, құрылыс инженері, Талдықорған аудандық комсомол ұйымының басшысы, «Талдыкорганпромстрой» құрылыс тресінің партком хатшысы, Талдықорған облыстық партия комитетінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі деңгейіне дейін көтерілген. Қалалық партия комитетінің бірінші хатшылық қызметін абыроймен атқарған. Қажырлы, адал еңбегінің арқасында өңір халқының қолдауымен 1985 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне бір мәрте, 1990 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне екі мәрте депутат болып сайланған. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Талдықорған қаласы және Қаратал ауданының Құрметті азаматы.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.