Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жас ақындар айтысы

26.02.2018
РУХАНИЯТ
Жас ақындар айтысы
WhatsAppTelegramFacebook

Алдаспан ақын Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай аудандық Мәдениет үйінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігі ұйымдастырған жыр додасында байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен және Жетісу өңірінің аудандарынан 26 мектеп оқушысы сөз сайысына түсті.

Алдымен көпшілікті аудан әкімінің орынбасары Дастан Шалтабаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова құттықтап, жас ақындарға ақ жол тіледі. Жыл сайын Жамбыл бабаның туған күніне орай оқушылар арасында болатын дәстүрлі айтыс осымен 15-ші рет өткізіліп отырғаны, оның 9-ы осы ақындар мен батырлар мекенінде ұйымдастырылғаны атап өтілді. Шара, сондай-ақ, рухани жаңғыру мен Астананың жиырма жылдығы құрметіне арналды. Жыр додасының шымылдығын осынау дәстүрлі айтыстың 2016 жылғы бас жүлде иегері Жанәли Айбын арнаумен ашып, алқалы топта арқаланып, ақтарыла жыр төккен ақын баба өмірін өлеңмен өрнектеген абыз жыраудан бері тартып, Сүйінбай мен Жамбылдың ақындық дәстүрінің жалғастығы, әрбір күнін ән қылып, рухани жаңғырған бүгінгі тәуелсіз қазақ елін кестелі сөзбен әспеттеді.
Жамбыл есімі аталса болды, үлкен-кішінің барлығы жыр тасқынын, өлең екпінін, сұлу сөздің самалын, айтыс өнерінің жамалын іштей сезініп, қомдана қалатыны анық. Семсер сөздің дариясы, рух пен жігердің, намыстың бөрілі байрағы Жамбыл жырымен жаңғырған өрендер кезек-кезекпен жұптаса киелі сахна төріне шығып, сөз сайысының көрігін қыздырды. Ұлтымыздың төл өнеріне ден қойған жас ақындар суырыпсалмалық қабілеттерін байқасып, бірін-бірі әзіл-қалжыңмен қағытты. Тілге шешендігі мен ой жүйріктігі сынға түскен он үш жұптың ішінен кестелі сөзбен көркемдеп өрнек тоқи білетіндері іріктеліп, екінші айналымда бес жұп қайтадан сөз қағыстырды. Оның ішінен үздіктері және бір сүзгіден өтіп, ақтық сынға үш жұп жіберілді. Қорытындысында қазылар алқасының шешімімен тауып айту шеберлігі жоғары бағаланғандардың мерейі үстем болды.
Бұл орайда айтысқа Жетісудың бас ақыны, «Алатау» газетінің бас редакторы, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Айтақын Бұлғақов төрағалық еткен қазылар алқасы баға беріп, оза шапқандарды анықтап отырды. Төрелік еткен топтың құрамында  ҚР Мәдениет қайраткері, ардагер журналист, облыстың, Талдықорған қаласының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Күмісжан Байжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Ел-назар» педагогикалық журналының бас редакторы Ерғазы Манапұлы, ақын, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сайлау Қожағұлов, ақын, Халықаралық «Ильхам» сыйлығының лауреаты Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Мөлдір Бұлақ» журналының бас редакторы, ақын Саят Қамшыгер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов болды.

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегендей, бәйге болғаннан кейін бірі озып, бірі шаң қабатыны белгілі. Марапаттау алдында қорытынды сөз алған қазылар алқасының төрағасы Айтақын Бұлғақов бұл айтыстың кемшін соққан тұстары мен көңілге шуақ төккен жақтарын атап өтті. Оның пікірінше, сөз сайысына түскендердің дені махаббатқа ойысып кетіп, Жамбыл мен маңайындағы ақындық дәстүр, оның алтын жылғадай жалғасы тасада қалғандай болды. Әлеуметтік мәселе көтерілмеді, ұстаз бен оқушы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасы мен мектеп мәселесі сыртта қалды. Қуаныштысы, Жетісуда айтыс мектебі, айтыстың алтын діңгегі Сүйінбайдан бергі дәстүр бар, соны енді артымыздан кім жалғастырады дегенге алаңдамайтынымыз. Өйткені арттан ерген өнерлі өрендер бар. Олар бұл жолы да өзін көрсетті. Жетісу ақындық мектебін өрістету үшін осындай жыр додалары керек, айтыс сол үшін өткізіледі. Бұл орайда алакөлдік Ақжібектің сахнада өзін еркін ұстауы, ақынға тән мінез көрсетуі, қазақтың бұрынғы өткен батыр қыздарындай батыл сөйлеуі тәнті етті. Енді дауысын домбырамен үйлестіре түсіп, мақамын жетілдірсе  бұдан үлкен биіктерді бағындырары анық. Сондай-ақ «бала болсақ та баланың сөзін айтпайық» деген ақтөбелік Нұрболдың сөзі көпшілікке ұнады. Қарағандылық Абзалдың сөзінің салмақтылығы, мақамының үйлесімділігі, қарсыласын әлпештеп отырып қағытуы, артық сөзге бармай, өзін ұстау мәдениеті Аманжол Әлтаев мектебінің бар екенін танытты. Маңғыстаулық Мәдиасқардың мысының басымдығын, Айымның әдемі сөз саптасын атап өтті қазылар алқасының төрағасы.
Сонымен сөз сайысының қорытындысында жүзден жүйріктер анықталып, бас жүлдені Алакөл ауданы О. Молдағожин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжібек Рахатбек жеңіп алды. Ақтөбе облысынан дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрбол Жауынбаев бірінші орынға ие болды. Екі екінші орынға жамбылдық Айым Асылбекқызы мен Қарағанды облысынан Абзал Мақашев ие болды. Төрт оқушыға – павлодарлық Базарбай Азамат, маңғыстаулық Мәдиасқар Қанжарұлы, Қызылорда облысы Арал ауданынан Орынбасар Бексұлтанға және батысқазақстандық Райымбек Өтеповке үшінші орын бәйгелері тапсырылды.
Облыс әкімдігінің арнайы жүлделері: Есенқұл Жақыпбеков атындағы жүлде алматылық Диана Тұрсынбекке, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы жүлде сарқандық Мұхаметқан Сләмханға, Есдәулет Қандеков атындағы жүлде шығысқазақстандық Ғибрат Қабдрахмановқа, Кенен Әзірбаев атындағы жүлде Шудан келген ақын қыз Албина Зүлбұхарға тапсырылды. Аудан әкімі Жандарбек Далабаев тағайындаған Айтақын Бұлғақов атындағы арнайы жүлде сонау Атыраудағы Мұрат Мөңкеұлы атындағы мектептен ат арытып келген Баймұрат Кеңесовке, Есенқұл Жақыпбеков атындағы жүлде талғарлық Жәкуда Думанға, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлық Мақсатбек Бауыржанға, Сүйінбай атындағы жүлде Байжұма Бекзатқа берілді. Қалған айтыскерлердің барлығына ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.