Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАС ӘДЕБИЕТШІЛЕР КӨЛСАЙҒА КЕЛДІ

28.04.2019
РУХАНИЯТ
ЖАС ӘДЕБИЕТШІЛЕР КӨЛСАЙҒА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданындағы табиғаты көркем де келісті Саты ауылдық округі аумағында, көрікті Көлсайда «Жетісу көктемі» атты жас тілшілер мен әдебиетшілердің ІІ облыстық форумы өтті.

Рас, жер жаннаты Жетісу өлкесі болса, оның мөлдіреп қана жататын маржаны — Көлсай көлдері. Оның аты мен атағы, табиғат әлемінің тамашасы алыс-жақын шетелдерге де таныс. Әсіресе, жаз маусымында бұл маң туристерден, қонақтардан арылмайды.

Облыстық жас тілшілер мен әдебиетшілердің форумын дәл осы өңірде өткізудің жөні де, жолы бөлек. Өсіп келе жатқан дарынды, талантты жастарға туған өлкеміздің жақсы жерін көрсету арқылы шығармашылықтарына ықпал етіп, осындай көркем жерлерімізбен қуана, мақтана алатынымызды дәлелдеу — форумның негізгі мақсаты болды.

Көрікті өңірде Үкіметіміздің қаулысымен құрылғанына 10 жылдан асып кеткен «Көлсай көлдері» Ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Форумға қатысушылар алғашқы күні Саты ауылының орталығындағы парк ғимаратында секциялық отырыстарға қатысты. Оның жұмысын Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры Е.Жүніс пен «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Қ.Мұқаметқали жүргізді.

Екі бөлмеде өткізілген секциялық жұмыстарға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев қатысып, форумның негізгі мақсаты туралы әңгімеледі. Форумға қатысушы жас тілшілер мен қаламгерлер өз ойларын ортаға салып, жас ақындар өлеңдерін оқыды. Осынау игі шарадан кейін көрікті Көлсайдың табиғатын тамашалады. Соңғы үш жылдан бері Жалаңаш ауылынан Көлсайдың өзіне дейінгі жол жасалғандығы көпшілікті қуантты. Тіпті, Саты ауылынан Көлсайға дейінгі жол асфальтталып тасталған. Еш қиындықсыз шамалы уақытта Көлсайда боласың. Мұның өзі көңілді марқайта түседі. Форумға қатысушылар мөп-мөлдір көлдің жағасында естелік суретке түсті.

Форумның жұмысы сенбі күні Саты ауылындағы Мәдениет үйінде салтанатты түрде ашылды. Форумға арналған негізгі баяндаманы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев жасады. Қазақ тілін бірте-бірте латын әліпбиіне ауыстыру мақсатына арналған іс-шаралар соңғы жылдардан бері жалғасын тауып келеді. Облыстың барлық аудандарындағы жұртшылықпен жиналыс өткізіп, латын әріпіне көшудің маңызы жан-жақты айтылды. Бұған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бірден-бір ықпалын тигізіп отыр. Облыс тұрғындарының 60 пайыздан астамы латын әліпбиіне көшуді қолдап отыр. Облыстық басқарма арқылы «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты 19 бейнеролик жасалып, тұрақты көрсетілуде. Республикалық, облыстық және жергілікті басылымдарда екі мыңнан аса мақалалар жарық көрген. Облыста, бірқатар аудандарда тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді. Енді қалған 10 ауданда осындай орталықтар ашылып, жұмысын жүргізетін болады. Басқарма арқылы 30 форматты анимацияланған кітаптар шығарылған. «Жаңа әліпбиді жазып үйренейік» атты онлайн-сабақ жүргізіледі.

Басқарма басшысы А.Қарбозұлы «Жетісу көктемі» атты жас тілшілер мен қаламгерлердің форумы былтырдан бастау алғанын сөз етіп, биылғы басқосуды әдейі осынау көрікті өңірде өткізуді ұйғарғанын сөз етті. Бұл жас таланттардың шығармашылығына оң әсерін тигізетін болады. Облыстық басқарма арқылы «Жастар жырлайды» атты байқаудың басталатынын алға тартып, оған жастарды белсене қатысуға шақырды.

Жастар форумында Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов сөз алып, осынау облыстық үлкен форумды көрікті Көлсай аумағында өткізгендері үшін алғысын айтып, жас талант иелеріне шығармашылық табыс тіледі. Форумда облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Ж.Елесбаева «Әліпби ауыстыру – қазақ жазуына реформа жасаудың алғы шарты» атты тақырыпта кеңінен сөз қозғады. Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры Е.Жүніс, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Қ.Мұқаметқали, Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы» газетінің тілшісі С.Анварова, Іле ауданы Қараой ауылындағы №18 орта мектептің психологі В.Талюс сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Кеген ауылының бір түлегі, талантты жас ақын Әлия Іңкәрбек жүрекжарды сөзін жеткізіп, Кеген ауылына арнаған өлеңін оқыды. Кербұлақ ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Шынарбаева бірінші сыныптарға арнап латын әліпбиін үйретудің кітапшасын шығарғанын айтып, алдағы уақытта игілікті ісін жалғастырып, бастауыш сыныптарға арналған кітапша шығармақ ойы барын жеткізді.

Облыстық «Жетісу» телеарнасы «Оқырман» бағдарламасының сарапшысы Қозыбай Құрман мен облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек жырдан шашу шашты. Осылайша, мемлекетіміздің латын әліпбиіне көшуге арналған нысаналы жұмысы, іргелі мақсатына негізделген жастар форумы өз жұмысын сәтімен аяқтады.

Жастар форумына қатысушы жас талант иелері, қаламгерлер осындай басқосуға негіз қалаған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың атына, Кеген ауданының әкімдігіне, тиісті бөлімнің қызметкерлеріне жүрекжарды алғыстарын айтты.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Кеген ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.