Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жастар неге қатыгез болып барады?

9 қараша 2025
РУХАНИЯТ
Жастар неге қатыгез болып барады?

фото: progorodsamara.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы уақытта ел ішінде мазаны қашырған бір ауыр көрініс бар – жастар арасындағы қатыгездік пен төбелес. Әлеуметтік желідегі бейнелер мен жаңалықтардан-ақ байқайсың. Кішкене өкпе-наз үлкен дауға айналып, ақыры пышақтасу мен атыс-шабысқа, тіпті өлімге апарып соғады. Бір сәттік ашу өмірлік өкінішке ұласып жатыр.

Қазақ ежелден сабыр мен парасатты серік еткен жұрт еді. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегенді өмірлік қағидасына айналдырған ел қазір неге осылай өзгерді?! Бұрын үлкеннің бір ауыз сөзі даудың түйінін тарқататын. Ал қазір тілдің емес, жұдырықтың күші жүрген заман орнағандай. Бір-бірін жығып алып тепкілеп, масаттанған жастарды көргенде жүрек сыздайды.

Қайран, қазақ! Бір ауыз сөзге тоқтаған, ел мен жердің бірлігін биік қойған жұрт емес пе едік?! «Қан төкпей-ақ сөзбен ұғынған халық» деген атақ қайда қалды? Бұрын жүгінгені ақсақал, тыңдағаны дана еді. Қазіргілердің «құлағына сөз емес, жұдырық өтетін» болғаны қынжылтады. Біреуді жығып алып, басынан тепкілеуді батырлыққа балайтындар пайда болды. Бұл, әрине, батырлық емес, азғындықтың нышаны.

Мұндай оқиғалардың артында қашанда көз жас пен қайғы жатады. Бір үйдің үміті сөніп, баласы темір тордың ар жағында, ал бірі мәңгілікке қара жер құшағына кетіп жатыр. Ал қасіреттің салмағы бүкіл қоғамның мойнында.

Тәрбиенің тамыры үзіліп бара жатқандай. Үйден алған өнеге азайып, көше мен желіден үлгі іздеген ұрпақ көбейді. Бірі «бедел жинаймын» деп бұзақылыққа барады, бірі ерлік пен әлімжеттік арасын айыра алмай қалады. Шын мәнінде, нағыз ерлік – білім мен еңбекқорлықта.

Бүгінгі заман білегіңе емес, біліміңе сенетін дәуір. Осыны түсінген жан ешқашан жолдан таймайды. Классик жазушы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің: «Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!» – деген сөзін ұмытпайық. Себебі, елдің ертеңі білімді де салиқалы ұрпақтың қолында.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.