Талдықорған: +8°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

20 қараша 2017
РУХАНИЯТ
ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

    Қазақ топырағынан түлеп ұшқан әрбір адам өнерге бейім. Сәулетшіден сазгерлікке бет бұрған ауыл баласының жүрек қылын шертер туындыларының ел-жұртты елең еткізуі – соның дәлелі. Елдің жақсы мен жайсаңдарына арналған шығармалары әрбір қазақтың көкейінде сайрап тұр. Мұны халықтың берген бағасы деп ұққан абзал. Бүгінде ол арда өнердің ақсақалы атанса да әннен қол үзген емес.

 

    Жетісу төрінде кешегі сал-серілердің сарқытындай, дәстүрлі әндердің озық ойлы үлгісін көрсетіп жүрген Халықаралық және Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, дара талант Мұратхан Егінбаевтың «Әнім менің – Алашым» атты шығармашылық кеші өтті.
    Айтулы мерекеге арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сазгердің ұлттық музыка өнеріне қосқан үлесін айта келіп, ізгі тілегін жеткізді.
– Әндері халық ішінде кеңінен тараған жетісулық жерлесіміз Мұратхан ағамыз мәдениетіміздің өрлеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Оның туындылары батылдық пен батырлықтың шынайы көрінісіндей. Жастардың ұлтқа деген жанашырлығын арттырады, – деді Жақсылық Мұқашұлы.
    Ардагерлер ұйымының мүшелігіне өткен өнерпазға ішкі істер департаментінің ақсақалдары атынан «Ардагер» төсбелгісі табысталды.
     Мұратхан Солтанбайұлы – ән әлемінде серпінді ойлары мен ұлттық иірімдері арқылы өз сүрлеуін сала білген мәдениет майталманы. Оның шығармаларының басым көпшілігі тарихи тұлғаларға арналған. «Асанқайғы», «Абылай», «Қаракерей Қабанбай», «Райымбек баба», «Махамбет», «Шоқан», «Құрманғазы кемеңгер», «Абайым», «Жамбыл ата» секілді тәрбиелік мәні зор туындылары көрермендердің көзайымына айналды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков туралы «Қайраттың азасы», «Желтоқсан таңы» секілді әндері жастарды жігерлендірді. Елдің ел­дігін танытатын, халықтың қадірін арттыратын, пәс көңілді зорайтып, түскен ұнжырғаңды көтеретін патриоттық шығармалары қазақ даласының төрт бұрышына түгел жетті десек, артық айтқандығымыз емес.
    Кештің өтуіне  облыс әкімдігі, облыстық Сүйінбай атындағы филармония ұйытқы болды. Концертке М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, танымал жетісулық эстрада және дәстүрлі ән орындаушылары қатысты. Олар композитордың төл туындыларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.  
   Ән көгінде қырандай самғаған Мұратхан Егінбаевтің кешіне жиналған халықтың қуанышында шек болған жоқ. Оның патриоттық әуендерін қосыла айтып, сазгерге деген қошеметін аямады. Кеш соңында саңлақ сазгердің сүйікті тыңдармандары гүл шоқтарын табыстап, өнерге шөліркеген жұрт қимастықтан тарқасты.

Қабыл ИСА.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30
Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45
Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Бүгін, 14:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.