Талдықорған: -2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Жетісу» үшін жаралған

28 маусым 2016
РУХАНИЯТ
«Жетісу» үшін жаралған
WhatsAppTelegramFacebook

Жүрегіне ыстық, жанына жақынқасиетті  қара шаңырақпен қоштасып тұрған талай журналиске: «Жетісуың» ойыңда, бес қаруың бойыңда жүрсін», –  деген дәстүрлі тілекті жалғастырып ескерткіш сыйлық ұсынған, жайдары мінезі, жылы жүзімен есте жүретін аяулы бір жан бар. Ол  жасқа да, жасамысқа да аялы алақанын созып, қамқоршы, ақылын айтып сырлас, мұңдас бола біледі. Олотыз бір жыл ата басылымда қалам тербеді, қаншама қауырсын қаламды түзеді, шәкірт тәрбиеледі. Ол  әрбір тақырыпқа, сөзге тіпті, әріпке дейін ерекше мән береді. Осының  барлығын  қырағы көз, таным-талғамы терең оқырман үшін, сүйікті басылымның беделі үшін жасайды. Ол– бүгінгі әңгіменің өзегіне айналғанҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер сыйлығының лауреаты, «Жетісудың» ардақты ардагеріЖанкүміс ЖӘМЕҢКЕ.

         Өмірден көргені мен түйгенін айтқанда көңіл көкжиегімізді кеңейтіп әкететін білікті маманның бір қарағанда жүзі суықтау болғанымен жаны, жүрегі, тілегі ып-ыстық. Айтары көп. Тыңдаған сайын тыңдай бергің келеді. Соқтықпалы, соқпақты өмірмектебі тек тап-таза ниет, аппақ пейіл деген кірпіштен қаланған. Ол жерде өтірік дегеннің заты тұрмақ, аты да болмайды. Оған Ғабиден Мұстафиннің: «Шындық шырағданы қанша дауыл соқса да құламайды»,–деген сөзі дәлел. Жазғанын көз сүрінбей оқысаңыз, жан тазалығы да дәл сондай. Өзгеден де соны талап етеді. Біз мұндай мектептің «Жетісуда» болғанын, сол киелі ордадан қаншама қарымды қаламгердің шыққанын алдыңғы буыннан жиі естиміз. Расында айналдырған қырық екі әріпті қырық екі рет түрлендірмейінше мақаланың мәні де сәні де бола бермейтінін бәріне үйреткен де Жанкүміс Жәмеңке.

Дегенмен, қанша қатал маман болса да заты әйел болғандықтан жаны сондай нәп-нәзік. Бүлкілдеген жүрегінен ып-ыстық тілек, ықылас-сезім бірінен соң бірі ақтарылып жатқанда, сіздің қуанышыңызға баладай пәк көңілмен қуанғанын көргенде: «Жақсы адамдар қатарының көшін бастап жүре берсе екен осындай жандар», – деп тілей бересің, тілей бересің. Сондықтан да болар, ол кісі жан баласына жамандық тілей алмайды. Өйткені, туа біткен табиғаты бұған мүлде кереғар. Анамыздан қаншама жас үлкен болса да біз ол жанмен сырласқанды жақсы көреміз.Тек жұмысты ғана емес, өмірдің де сан түрлі қатпарлы, шиырланған шимақтарын тарқатуды Жанкүміс апайдан үйренуге болады. Мақалаға тақырып қоюдан бастап ең аяғы болашақта келін болғандағы жүріс-тұрысқа дейін айтуды парызы санайтын аяулы анаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бізге үнемі: «Өмірде де, жұмыста да ЖАУАПКЕРШІЛІК дегенді сезіне біліңдер. Адам өмірге келген соң адам болып өмірден өтуі керек. Сен бай, кедей боласың ба, мейлі, адами қасиеттер мен құндылықтарды берік ұстан», – деп айтудан жалыққан емес.

Міне, жан баласына жақсылық атаулысын ғана тілейтін адамның жан дүниесі осындай. Кейде бетіңе күліп, соңыңнан желдей естіріп сөз айтатын адамдарды байқағанда еңсең түсіп кетеді. Қынжыласың. Бірақ жақсылықтың жаршысы болып жүретін осындай жандарды көргенде, бір сәт тілдескенде қуанасың, көңілсіздіктің барлығы қияға ұшып кетеді.Жалпы, адамның адам болып қалыптасуы, қоғаммен етене араласуы, өмірде өз орнын ойып алуы ол тек өзіне байланысты. Біздің Жанкүміс апай да қызығы мен қиыншылығы, жақсылығы мен жамандығы, жылуы мен суығы қатар жүретін өмірде өзін-өзі шыңдаумен келеді. Ол қоғамды, қоршаған ортаны, араласатын достарын емес, ең бірінші кезекте өз бойын түзеу керек деген қағидасын алға тартты. Сонысы арқылы үлкенге де жасқа да сыйлы бола білді. Әлі күнге дейін ол кісінің алдынан ешкім кесе-көлденең өтіп көрген жоқ. Өтпейді де.

Біраз уақыт хат-хабарсыз кетсек қоңырау шалып: «Сендер «Жетісудың» дәстүрін бұзайын дедіңдер ме? Бізде бәрі бір үйдің баласындай болуы керек. Қуанышта да, қайғыда да бірге болуға тиіспіз. Себебі біз – «ЖЕТІСУ» деген киелі ұжымбыз. Сендер осымен мақтаныңдар. Жұмыс, мансап, ақша дегеніңнің бәрін жасап, тауып аласың. Ал адамгершілік қасиетті ешқашан да төмендетуге болмайды. Сен сол арқылы ғана адамдар қатарындасың. Осындай биік туды шама келсе құлатпау керек», – дегенде рухани ортаның құдыретін одан ары сезініп, осындай аялы жанның алдын көргеніңе қуанып, шүкір етесің. Шынтуайтына келсек, бәріміз мейірімсіз, қатыгез болып кетсек, ғаламбұлай тұрмас еді. Жұмыр жердің амандығы алдымен Аллаға, одан кейін жаны жайсаң жандарға байланысты, солар арқылы көрікті. Осы тұрғыда жанашыр апайымыздың бірауыз сөзінің астарынан әрине, жанашырлықты, мейірімділікті сезінеміз. «Жылы сөз жан семіртер» дегендей, мейірімділік пен парасаттылықты, ақыл мен білімді, жанашырлық пен жасампаздықты бір бойына жия білген біздің Жанкүміс Жәмеңкедей ақылшымыздың өмірде болуы бүгінгішәкірттері  үшін үлкен олжа.

Олай болса, аса құрметті де қадірлі асыл ана, білікті маман, қамқоршы жан өмір айдынындағы кемеңіз асау толқынға ұрынбай, ұстанған бағытыңыз арқылы бізге бағдаршам болып жүре беріңіз. Біз сізбен мақтанамыз. 

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.