Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жетісуда «Киелі мекен» апталығында 40-қа жуық тазалық шарасы өткізіледі

15 сәуір 2024
РУХАНИЯТ
Жетісуда «Киелі мекен» апталығында 40-қа жуық тазалық шарасы өткізіледі
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында 40-қа жуық тазалық шарасы өткізіледі. Мәселен, Кербұлақ ауданындағы Ш. Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінде жастар ұйымдарының қатысуымен музей аумағы абаттандырылады. Шара соңында жастарға тарихи мұраларды таныстыру мақсатында экскурсия өткізіледі.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, апталық барысында Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы, Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай тұлғалардың аудан-қалалардағы ескерткіштеріне тазалық шаралары жүргізіледі. Атап өтсек, Жетісу облысында жалпы саны 13 музей, 1100 ескерткіш бар.

Ертең, 16 сәуір күні облыс аумағында 38 тазалық шарасы өткізіліп, оған 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде Талдықорған қаласындағы Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябақтарында өтетін тазалық жұмыстарына Чернобыль апатының салдарын жоюға және Ауған соғысына қатысушылар мен еңбек ардагерлері мұрындық болмақ. Бұл ретте осындай тазалық шаралары барлық аудан-қалаларда атқарылады.

Сол сияқты Талдықорған қаласы әкімідігінің қолдауымен қоғамдық ұйымдар, атап айтқанда «Алтын адам креатив орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Kaz Eco Patrol» ҚБ облыстық филиалы, «Bike Team» велосипедшілер қауымдастығы, Жетісу облыстық мүгедектер қоғамы, «Жастар рухы» жастар ұйымы «Талдықорған – Петроглифтер елінің астанасы» экофестивалін ұйымдастырады. Соның аясында «Қызыл тас» саяжайының маңында «Jasyl Bolashaq» экоакциясын, «Бұл – біздің қоқыс емес, бірақ бұл – біздің Жеріміз» экологиялық сенбілігін өткізіп, бұлақтардың көзін ашып, ағаш отырғызады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосурет авторы: Руслан Кадыров

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.