Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖИҺАЗ ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР: «АЛМА ПІС, АУЫЗҒА ТҮС ДЕП ОТЫРАТЫН ЗАМАН ЕМЕС»

25 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ЖИҺАЗ ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР: "АЛМА ПІС, АУЫЗҒА ТҮС ДЕП ОТЫРАТЫН ЗАМАН ЕМЕС"
WhatsAppTelegramFacebook

Шағын болса да өз кәсібін дөңгелентіп, нәпақасын тауып отырған жандар қатары күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі Қарабұлақ кентінің тұрғыны Әли Бамишийн. Ол тұрмысқа қажетті жиһаз жасаумен айналысады.

Кез келген үйді, кеңсені жиһазсыз елестету мүмкін емес. Себебі әдемі жиһаз – үйдің сәні. Осыны түсінген жас кәсіпкер заманауи үлгідегі жиһаз жасауды қолға алған. Әкесімен бірге жиһаздың барлық түрін дайындайтын Әлидің шағын шеберханасы нағыз еңбектің алтын ордасына айналған.

– Әрбір адамға мамандық керек. Замандастарымның қолында табақтай-табақтай дипломдары бар. Алайда көпшілігі жұмыссыз. Бұл бүгінгі күннің үлкен қасіреті. Бірақ қазір «алма піс, ауызға түс» деп отыратын уақыт емес. Қолдан келгенше тіршілік жасап, нәпақамызды табу тек өзімізге байланысты. Сондықтан, барша адамды еңбек етуге шақырамын. Ата-анамның қолдауымен осы кәсіпті бастағаныма өте қуаныштымын. Шаңыраққа қажетті жиһаздың барлық түрін жасаймыз. Жалпы, кәсіпқой маманға айналу үшін кем дегенде сол істе 5 жыл тер төгу керек. Сонда ғана жасалған өнімнің сапасын салыстыра аласың. Бұл жұмыс аса тиянақтылықты, ептілікті талап етеді, – дейді кәсіпкер.

Жас шебердің айтуынша, бір қараған адамға кәдімгі тақтай болып көрінген дүниенің қиюын келістіріп, әдемі жиһаз етіп шығару оңай шаруа емес.

– Әр саланың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Сол секілді жиһаз жасаудың да өзіндік қыр-сыры бар. Осы кәсіпті дамытуға бар күшімді салып келемін. Жасаған жиһаздарымды тұтынушылар мақтап жатады. Бұл біздің мерейімізді өсіріп, жұмысқа деген ынта-жігерімізді оятады. Әкем екеуміз талғамы жоғары тұтынушының ойын дөп басып, көңіліндегідей етіп жасап шығару үшін күндіз-түні жұмыс істеп, барымызды саламыз. Ендігі мақсат – кәсібімізді дамыту. Болашақта жаңа технологияны қолға алып, жаңа жиһаз түрлерін шығаруды қолға алуды жоспарлап отырмыз, – дейді ол.

Әли Болатбекұлы тұтынушылардың әлеуеті орташа болғандықтан, баға да алдын ала келісім бойынша жүргізілетінін айтты. Негізінен, асүй мен кіреберіс бөлмелердің жиһаздарына, сондай-ақ, үстелдерге, орындықтары бар үстелге тапсырыс көп. Нарық заманына байланысты ас бөлмеге арналған ең арзан жиһаз құны 90 мың теңгеден басталады.

Отбасының үлкені Әли соңынан ерген үш інісіне барынша қамқор болып жүр. Ендігі арманы – шаңырақ көтеріп, әке-шешесіне қуаныш сыйлау. Олай болса, еңбекпен көктеп, көгерген азаматтың арманы орындалсын деп тілейміз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.