Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖОМАРТ ЖҮРЕК КӘСІПКЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА НЫСАН ТҰРҒЫЗДЫ

27 қараша 2021
РУХАНИЯТ
ЖОМАРТ ЖҮРЕК КӘСІПКЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА НЫСАН ТҰРҒЫЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданы Төле би ауылында су жаңа әлеуметтік ғимарат қолданысқа берілді. Соның нәтижесінде 50 адам қабылдауға арналған ауылдық амбулатория, пошта мен учаскелік полиция пункті екі қабатты ғимаратқа орналасты.

Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ғимараттың жалпы алаңы — 325 шаршы метр. Жергілікті тұрғын, жомарт жүрек кәсіпкер Тавабир Чикаев поштаның ескі ғимарат орнына ауылдастарының игілігіне беру үшін жеке қаражатына жаңа нысан тұрғызды. Сонымен бірге, ол ғимарат ішінде қажетті жиһаз бен интерьерлер сатып әперді. Ал амбулаторияны медициналық құрал-жабдықтармен аудандық көп салалы аурухана қамтамасыз етпек.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен өңір дамуындағы меценаттар қолдауының маңызы туралы атап өтті.

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Бұл шара осындай елжандылықтың, туған жерге деген жанашырлықтың көпке үлгі болған дәстүрлі жалғасы деп білеміз. Бәріңізді келе жатқан мерекелеріңізбен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын, — деген Ә.Жақанбаев меценатқа ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарада ғимараттың лентасы қиылып, нысан Көктөбе ауылдық округі тұрғындарының игілігіне берілді.

Жалпы, Алматы облысында Тұңғыш Президент күніне орай өңірдің әр түкпірінде көптеген әлеуметтік маңызды нысандар ашу белгіленген. Солардың қатарында сервистік әкімдік, ауылдық Мәдениет үйі, өнер мектебі, жекеменшік балабақша, жаңа сквер және басқалары бар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.