Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖҮРЕК ІСІ»: ЕРІКТІЛЕР ДЕҢГЕЙ МЕН ДӘРЕЖЕГЕ БӨЛІНБЕЙДІ

3 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
"ЖҮРЕК ІСІ": ЕРІКТІЛЕР ДЕҢГЕЙ МЕН ДӘРЕЖЕГЕ БӨЛІНБЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп». Абай атамыздың бұл құдіретті сөзі барлығымыздың бойтұмарымызға айналды. Адамзаттың тілеуі – амандық. Ол жолда ешкім аянып қалып жатқан жоқ. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранын ту етіп ізгілікті іс атқарып жатқан еріктілердің ерен еңбегіне алғыс айтамыз.

Ерікті болу – жүректің ісі. Шынайы ниеттің көрінісі. Олар қолға алған әрбір істің нәтижесі тек жақсылыққа бағытталатыны ақиқат. Оған еліміздегі қысыл-таяң шақта еріктілердің атқарып жатқан жұмыстары дәлел. Олар азат елдің ұрпағы ретінде ауыр кезеңде жұмыс істесе, жергілікті атқарушы билік оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, қолдау танытудан шаршамайды.

Бүгінгі таңда облыста 1600-ге жуық ерікті және 23 волонтерлік ұйым бар. Олар жасына, кәсібіне қарай бөлінбейді. Білімі, қызметі, лауазымы, деңгейі мен дәрежесі оның жақсылық жасауына ешқандай да маңызы жоқ. Ең бастысы, еріктілер жақсылық жасап, алғыс арқалап, көптеген азаматтың ойын, ниетін, көзқарасын өзгертуге ықпал етіп қана қоймай көпке үлгі болады. Сол үшін біз жетісулық еріктілер тек осы Еріктілер жылында ғана емес, үнемі қайырымдылық жасап отыруға ниеттіміз. Осы арқылы жақсылыққа жаны құмар адамдардың қатарын арттыруға болады деп санаймыз.

Қазіргі таңда «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесі азаматтарды волонтерлікке тартып, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жұмыс атқаруда. Төтенше жағдайларға байланысты 404-404 қауырт желі байланыс телефоны арқылы халықпен тікелей жұмыс жүргізіп жатқан мамандардың мақсаты – елге көмек қолын созу. Тәулік бойы жедел желі тұтқасында денсаулық сақтау саласының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша арнайы мамандар және еріктілер қызметін ұйымдастырушы жастар халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Осы арқылы облыс тұрғындары өздерін мазалаған кез келген сұраққа нақты жауап ала алады.

Тәулік бойы әлеуметтік желілер және телефон арқылы тұрғындардың сұранысын қабылдайтын арнайы желі іске қосылды. Бұл арқылы 334 тұрғын көмек сұраса, 560 адам қауырт желіге хабарласып, көмекке мұқтаж екенін жеткізді. Әр сағат, тіпті, минут сайын тұрғындардан өтініш түсуде. Барлығының өтініш-арыздарына құлақ асып, көмектесуге атсалысып жатырмыз.

Бүгінде облыс еріктілері автоеріктілікті дамыту арқылы  тұрғындарға азық-түлікті үйлеріне тегін жеткізіп берумен айналысуда. Бұл бағытта Талдықорған қаласы бойынша «Сағадат», «Ардагер» және «Cent market» сауда орындарымен серіктестік жасалды. Сондай-ақ, еріктілердің фронт-офисінде автоеріктілер азық-түлікті қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

Тұрғындар «Каспий-голд» мобильді қосымшасы арқылы төлемақы жүргізіп, қажетті азық-түлікке тапсырыс бере алады. Бүгінгі күні бұл жұмысты жүргізу үшін 35-ке жуық автоерікті тіркелді. Облыс бойынша 565 қайырымдылық акциясы жүзеге асты.

Аудандағы жас еріктілер де игі істен қалыс қалып жатқан жоқ. Еріктілер ел ішінде жүріп аудан, қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстарға атсалысып, азық-түлік тасымалдап, медициналық бетперде мен антисептик, жеке гигиеналық заттармен тұрғындарды қамтамасыз етуде. Үлкен істі асқан жауапкершілікпен орындап жүрген жетісулық еріктілердің еңбегі ерен.

Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға көмек көрсету – біздің басты мақсатымыз. Осы санаттағы 4 мың 704 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ел ішіне індет енгелі халық дәріханалардағы медициналық бетпердені жаппай сатып алуға көшті. Нәтижесінде медициналық бетперденің жетіспеушілігі орын алды. Осы келеңсіздіктің орнын толтыру мақсатында облыс еріктілерінің атсалысуымен 9 мың 500 медициналық бетперде тігіліп, тегін таратылды.

Індеттен сақтанудың бір жолы – тазалықты қатаң ұстану. Сондықтан тұрғындарға тазалық сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, коронавирустың алдын алуға арналған үнпарақтар да үлестірілді. «COVID-19» коронавирус инфекциясының зияндығы, оны анықтау тәсілдері мен белгілері туралы арнайы бейнеүзіктер түсіріліп, әлеуметтік желі арқылы тарату жұмыстары жүзеге асырылуда.

Жетісулық тұрғындарға көмек қажет болып жатса Жастар ресурстық орталығы бойынша 87074947223, 39-00-40 (Талдықорған), 404-404 қауырт желіге кез келген уақытта хабарласуына толық мүмкіндігі бар. Біз үнемі көмек сұраған жанға жақсылық жасауға дайынбыз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз текке айтпаған. Қандай іс болмасын ауызбірлікпен бірігіп еңбек етіп, жемісін көру қазақы тәрбиеге тән дүние. Олай болса, сын сағатта бір-бірімізді қолдауға, барынша қайырымдылық жасауға, тәртіпке бағынуға шақырамын.

Жомарт ҚАРАТАС,

Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.