Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Журналистер марапатталды

15 желтоқсан 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда бірқатар журналистер марапатталып, мереке аясында мерейлері өсті. 

ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан қылқалам шеберлеріне шынайы алғысын білдірген облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Бердібек Берістемов:
– Құрметті қонақтар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елдігіміздің нышаны болған Тәуелсіздік күнінің биыл  26 жылдығын тойлап жатырмыз. Бүгінде қазақ елін жаһан жұрты жақсы танып, халықаралық деңгейде зор беделге ие болуда. Абыроймыз асқақтап, мәртебеміз өрледі. Ортақ шаңырағымыз Қазақстанның мәртебесі өсе берсін. Алар асуымыз, бағындырар белесіміз бен жетер жетістіктеріміз көп болсын, – дей келе қазақстандық армияның беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін тілшілерге ҚР Қорғаныс министрінің Грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.   
Облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, облыстық «Жетісу» телеарнасының шеф-редакторы Назгүл Бошан және Ирина Карякина, Мәулен Әнербай, Гүлмира Темірғалиева, Мәриям Жасұлан сынды тілшілер марапатталды. Қорғаныс ведомствосы ұйымдастырған дәстүрлі «Жас ұлан» әскери-патриоттық әндер фестиваліне қатысып, үздік өнер көрсеткен Қ. Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжінің студенті Құралай Мұқият департамент бастығының Грамотасын иеленді. Талдықорған гарнизонының Әскери сотының төрағасы Ринат Ақпар Қарулы Күштер мен Ауған соғысы ардагерлеріне  Грамоталар табыстады. 
– Қазақстандық армияның тыныс-тіршілігін жоғары кәсіби деңгейде жариялап келе жатқан үздік журналистерді марапаттадық. Олардың ішінде бірінші республикалық «Әскер-Медиа – 2017»  баспасөз фестивалінің номинанттары да бар. Бұдан кейін де БАҚ өкілдерімен кәсіби және тығыз қарым-қатынаста боламыз, – деп атап өтті департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Қуандық Әділбеков. 
Жүрекжарды лебізі мен құттықтауын жеткізген облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін:
– Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында біздің даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойына Еуразия кеңістігінде өркениеттің интеграторы болғанын атап өтті. Сондықтан біз әлемде тұңғыш рет жабайы жылқыны қолға үйреткен, темір өндіріп, алтын қорытқан, бүкіл Еуропаға шалбар киюді үйреткен жұрттың ұрпағымыз, – дей келе сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап Алтын Орда, Моғолстан мемлекеті мен Қазақ хандығының тарихына тоқталды. Сондай-ақ, ата-баба жолын жалғап, тыныштығымызды сақтап жүрген әскери саланың маңыздылығын тілге тиек етті. Әрмен қарай қатысушылар назарына деректі фильм ұсынылып, салтанатты шара концертік бағдарламамен аяқталды.

М. Даниярұлы.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.