Талдықорған: +29°C
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды

25.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынған облыстағы заманауи, екі қабатты кітапхана қолданысқа берілді. Киелі Күреңбел топырағының орталығы –  Сарыөзек ауылында орналасқан кітапхананың ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы қатысты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Кербұлақтықтар мен рухани орданың ашылу салтанатына арнайы келген Жетісу жеріндегі зиялы қауым өкілдерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған облыс басшысы бұл сәтті өңір рухани өміріндегі айтулы жаңалық екенін айшықтады. Ол өз сөзінде:

– Бұл – кітап оқу мәдениетін дамыту және заманауи кітапхана кеңістіктерін қалыптастыру туралы Президент тапсырмасын өңірде іске асырудың алғашқы бастамасы. Жаңа кітапханада кітап оқуға ғана емес, цифрлық ресурстарды пайдалануға, жан-жақты ізденуге, түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Кітапханаға салынған инвестиция – ең алдымен адам капиталына, ұлттың интеллектуалдық әлеуетіне жасалған инвестиция. Бұл ретте осы киелі ордадан білімді, саналы, тәрбиелі, кітапсүйер ұрпақтың қалыптасып шығатынына сенімдіміз. Жаңа нысан осындай игі мақсаттарға қызмет етіп, өңірдің рухани шамшырағына айналсын! – деді.

Облыс басшысының ақжарма тілегінен кейін көпшілік рухани ордаға кіріп, мұндағы мәжіліс залын, оқу залын және балалар бөлімін арнайы  тамашалады.

Жаңа кітапхана ғимаратының аумағы 1620 шаршы метрді құрайды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кітапханада оқырмандарға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалар мен ересектерге арналған арнайы оқу залдары қарастырылған. Кітапхананың басты ерекшелігі де осында. Оған қоса, бірінші қабатта кітапхананың негізгі қызметтік және оқу залдары орналасқан. Мұнда кітап қорын заманауи талаптарға сай сақтауға және оқырмандарға электронды форматта ұсынуға мүмкіндік беретін сканерлеу және цифрландыру кабинеті бар. Сондай-ақ компьютермен және интернетпен жабдықталған мультимедиа залы жұмыс істейді. E-gov порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған. Ал, кітапхананың екінші қабатында кітапхананың балалар бөлімі орналасқан. Мұнда интернетке қосылған, компьютермен жабдықталған ІТ-зал бар. Сондай-ақ 56 орындық оқу залында балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылған. Бұл олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Үйірмелер өткізу үшін «Балауса» оқу кеңістігі және балалардың пайдалы уақытын ұйымдастыруға арналған коворкинг орталығы құрылған. Сонымен қатар екінші қабатта түрлі мәдени іс-шараларды өткізуге жағдай жасалған акт залы орналасқан.

Еске салсақ, бұған дейін аудандық кітапхана мен балалар кітапханасы ауылдық әкімдік ғимаратында және Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ішінде отырған болған. Жалпы, облыс құрылғалы бері  өңірдегі 150 кітапхананың кітап қорының саны 2,8  миллионнан асқанын айта кеткен жөн.

Қатысты жаңалықтар

Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды

Сарөзекте заманауи кітапхана ашылды

25.08.2026
Пышақпен қаруланған азамат ұсталды

Пышақпен қаруланған азамат ұсталды

25.08.2026
Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

25.08.2026
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?

Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?

25.08.2026
Ынтымақтастық кеңейді

Ынтымақтастық кеңейді

25.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.