Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

14 қараша 2024
САЯСАТ
АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық ұланның Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімінде әскери қызметін жыл бойы өткерген сарбаздарды үйлеріне шығарып салу шарасы салтанатты жағдайда өтті. Олар үкенді-кішілі қала, кенттері мен елді-мекендерінен келген жүздеген сарбаз аталған әскери бөлімде қызмет етіп, қоғам тыныштығын қырағылықпен күзете білді.

Сонымен қатар, ата-ана, бауырларынан жырақта жүріп, өз беттерінше өмір сүруге бейімделді десек те болады. Мәселен, әскердегі ең басты ұстаным, ұранның бірі – «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген ұғымға салсақ, бұл жауынгерлік рухты жани түсетін сөз екенін байқаймыз. Айталық, әскердегі әрбір сарбаз – бір-біріне бауыр. Әскери бөлім олар үшін үлкен бір қарашаңырақ десек те болады. Сарбаз сондай шаңырақтың бір мүшесі атанып, өз киіміне әркім өзі күтім жасай жүріп, тәртіпке бағынып, уақытын пайдалы өткізуге ұмтылады. Мұның сыртында Отан алдындағы борышын жырақта жүріп өтеп жатқан сарбаздың сағынышы меңдеп, санасы сергіп, көңілі толқитыны тағы бар.

Міне, бұл «әскер барған» сарбаздарға ғана тән рухани тәлім-тәрбие, сөзбен айтып жеткізе алмайтындай рухани азық екені сөзсіз. Осының бәрі де айналып келгенде адам жанын ізгілікке жетелей түсетін, сағыныш сезімі арқылы жаныңды рақатқа бөлейтін тәрбиенің тетіктері.

Сонымен, 5571 әскери бөлімінде 2023 жылдың екінші шақырылымы бойынша өзге облыстардан келген алты жүзден астам жауынгер Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарды. Өткен жылы әскери бөлім территориясына табандары тиген бұл сарбаздар осы уақыт аралығында есейе түсіп, дене пішімдері де ширай түскені сырт көзге бірден байқалады. Әскери бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұловтың жалынды сөздерін қуаттай түсіп, уралап қошемет көрсеткендері де, ән айтқан қарулас достарының құрметіне риясыз қол соғулары да осыны аңғартатындай.

— Сіздер өз міндеттеріңізді адал орындап, батылдық таныттыңыздар, әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарын табандылықпен көтердіңіздер. Еліміздің алға ұстаса – айбары, қолға ұстаса найзасы сіздерсіздер! Осы әскери өмірден алған тәлім-тәрбиелеріңіз алдағы азаматтық өмірлеріңізге өз септігін тигізетініне сенімдімін, — деді бригада командирі полковник Мақсат Баймағұлов. 

Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіпті қадағалау қызметінде Полиция департаментінің өкілдерімен тізе қоса еңбек ететіндіктен, құқық қорғау органдарының жетекшілері де қызмет барысында өзін үлгілі етіп көрсеткен сарбаздарды марапаттауға келген болатын. Қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында айрықша қырағылығымен көзге түскен сарбаздарға қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев пен бөлім командирі полоквник Мақсат Баймағұловтың атынан алғыс хат, командирлік сағат сынды бағалы сыйлықтар және әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік Туы жанында естелікке түскен суреттері табыс етілді. Сондай-ақ, жиын аясында ардагерлер қауымының атынан Ұлттық ұлан ардагері отставкадағы майор Берік Алмағамбетов те сөз сөйлеп, отбасына оралғалы жатқан сарбаздарға ризашылығын білдіріп, жалынды тілегін жеткізді.

— Сарбаздар, сіздерге алдағы өмірде өз қабілеттеріңізді дұрыс қолдана отырып, туыстарыңыз бен жақындарыңыз үшін нағыз тірек боласыз деп сенемін. Сіздер Отанымыздың гүлденуі үшін қолдарыңыздан келгенше еңбектенетіндеріңізге сенім артамын, — деді ардагер.

Сөзінің соңында ардагерлер атынан қызметтерінде біліктілігімен ерекше көзге түскен жауынгерлерге «Отан қорғаушының анасы» төс белгілерін табыстады.

Осылайша, Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып, еліне адал қызмет еткен сарбаздар жауынгер рухын оятатын асқақ әндерін шырқап, алаң ортасынан салтанатты шерумен жүріп өтті.  

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда 400-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады

Талдықорғанда 400-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады

Бүгін, 11:37
Қазақстанда күн энергетикасының қуаты 1,3 ГВт-қа жетті

Қазақстанда күн энергетикасының қуаты 1,3 ГВт-қа жетті

Бүгін, 11:20
Пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз

Пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз

Бүгін, 11:13
Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді

Бүгін, 09:25
Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.