Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Талдықорғанда 400-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады

Бүгін, 11:37
ЖАҢАЛЫҚТАР
Талдықорғанда 400-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасында жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отан алдындағы борышын өтеуге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 400-ге жуық жас жауынгер салтанатты түрде әскери ант беріп, Қазақстан халқына адал қызмет етуге серт етті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Шараға сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары, достары мен жақындары арнайы келіп, ұлдарының өміріндегі маңызды сәттің куәсі болды. Салтанатты жиында ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ерлан Алихулов сөз сөйлеп, жас жауынгерлерді айтулы оқиғамен құттықтады. Сондай-ақ оларға әскери қызметте табандылық, тәртіп пен абырой тіледі.

Бір айға жуық уақыт ішінде жас сарбаздар әскери өмірге бейімделіп, жауынгерлік даярлықтың алғашқы кезеңінен өтті. Олар әскери қару-жарақпен танысып, атыс және дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан өтті. Енді әскери ант қабылдаған жас жауынгерлерді алда жауапты міндеттер мен ауқымды оқу-жаттығулар күтіп тұр.

Әсіресе, көптеген сарбаздың асыға күтетін сәті  әуеден парашютпен секіру. Бұл – десантшы болуды армандаған әрбір жауынгер үшін үлкен белес.  Солардың бірі қатардағы жауынгер Ерлан Айтқали. Ол бала күнінен әскери қызметші болуды армандағанын айтады.

– Мен бала кезімнен әскери адам болуды армандадым. Түрлі фильмдерді көріп, әсіресе десантшылардың парашютпен секірген сәттеріне қызығатынмын. Сол кезде мен де осындай жауынгер болсам деп армандадым. Міне, сол арманыма қарай алғашқы қадамымды жасап келемін. Алдағы уақытта парашютпен секіретін күнге де жетерміз деп ойлаймын. Шынымды айтсам, дәл осы 18404 әскери бөліміне түскеніме өте қуаныштымын. Ендігі мақсатым – Отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып, ата-анам мен жақындарымды қуанту, – дейді жас жауынгер қатардағы жауынгер Ерлан Айтқали.

Сонымен қатар, әскери бөлім аумағында ата-аналарға арналған ашық есік күні де ұйымдастырылды. Арнайы келген ата-аналар балаларының әскери өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Олар сарбаздардың жатын орындары мен асханасын аралап, әскери техникамен танысып, балаларының күнделікті тыныс-тіршілігін өз көздерімен көрді. Ата-аналар үшін бұл – балаларының әскери өміріне көз жеткізіп, көңілдеріне сенім ұялатқан ерекше күн болды.

Отан қорғау – абыройлы міндет. Ал бүгінгі жас сарбаздардың басты мақсаты – сол сенімді ақтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында адал қызмет ету.

Қатысты жаңалықтар

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ысқақ Данияр Санатұлы

Бүгін, 13:51
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Шацкий Игорь Александрович

Бүгін, 13:38
Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Текелі қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұғылбаев Бауыржан Ертайұлы

Бүгін, 12:44
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құсаинов Талғат  Өмірәліұлы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құсаинов Талғат Өмірәліұлы

Бүгін, 12:34
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Искаков Асхат Төлеуханұлы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Искаков Асхат Төлеуханұлы

Бүгін, 12:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.