Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ӨГЕЙ ҚЫЗЫН ЗОРЛАҒАН ЕР АДАМ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

6 қаңтар 2020
САЯСАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ӨГЕЙ ҚЫЗЫН ЗОРЛАҒАН ЕР АДАМ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында кәмелеттік жасқа толмаған өгей қызын зорлады деп айып тағылған ер адам өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды.

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсан күні Алакөл ауданындағы мектептердің біріне ювенальды полиция қызметкерлері мен мектептің психолог маманы бірлесіп, сауалнама жүргізген. Нәтижесінде, кәмелеттік жасқа толмаған қызды өгей әкесінің зорлағаны анықталды. Оқиғаға байланысты гинекологиялық зерттеу жүргізіліп, қыздың аяғы ауыр екендігі белгілі болды.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «Осы оқиғаға байланысты жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлері түсірілген шағымды өндіріске алып, қажетті шаралар қабылдады. Соған орай қылмыстық іс қозғалып отыр. Тергеу кезінде Алакөл ауданының тұрғыны, қыздың өгей әкесі өз үйінде асылып өлгені белгілі болды», – делінген.

Желтоқсанның 29 күні болған ауыр оқиғадан соң зардап шеккен қыздың анасын қайын енесі үйінен қуып шығып, үш немересін алып қалған. Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің түсіндіруінше, 5 қаңтар күні қыздың анасы Алакөл аудандық қорғаншы және қамқоршы органға хабарласып, енесінен балаларын алуға көмек беруін сұрап, арыз жазған.

Жазылған арызға байланысты ведомствоның ресми өкілі А.Әбділдаев пен ювенальды полицияның қызметкері А.Мұсанов қажетті шара қабылдап, балаларды аналарына қайтарды және Талдықорған қаласында тұратын туған әпкесінің үйіне тұрақты тіркеуге орналастырады.

Осы іске байланысты тексеру кезінде зардап шегушінің жанында мектептің психолог маманы Д.Каримова болып, рухани және қажетті қолдау көрсетті. Тергеу кезінде аудандық білім бөлімі қызметкерлері тарапынан ешқандай қысым болмаған.

Алайда «Facebook» желісінде зардап шегуші қыздың анасымын деп таныстырған Asem Ur есімді аккаунт иесі көпшіліктен көмек сұрап, шағым айтып, пост жазған еді. Әлеуметтік желі арқылы тараған жазба: «Менің есімім Әсем Оразбаева. Мен Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылында тұрамын», — деп басталады. Онда Қабанбай ауылы мен Үшарал қаласындағы полиция өкілдеріне екі мәрте арыз жазылғаны, бірақ олар бұл істі бүркемелеуге тырысқаны, ол аздай, Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры арыз жазбауға үгіттегені айтылған. Сондай-ақ, Asem Ur Алакөл ауданының әкіміне осы мәселемен кіргені туралы да жазған.

Аталған постқа байланысты «Жетісу» газетінің журналисі Asem Ur есімді «Facebook» қолданушысына хат жазып, телефон нөмірін сұрады. Бірақ аккаунт иесі: «Бізде сеть ұстамайды», — деп жауап беріп, телефон нөмірін беруден жалтарды. Бұл жауап жазылған посттың қаншалықты шындық екеніне күмән туғызды. Оның үстіне, Asem Ur есімді қолданушының жеке парақшасы жуырда ғана ашылғаны, тіркелушілер санының аздығы көңілге күдік ұялатты.

Айтса-айтқандай-ақ, көп уақыт өтпей, зардап шегуші қыздың анасы журналистерге мәлімдеме жасады. «Zakon.kz» сайтының жазуынша, қыздың анасын Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары қабылдаған. Қыздың анасы бұл постағы әкімдікке қатысты сөздердің бәрі жалған екенін, атынан аккаунт ашып, әлдекімдердің әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған жазба таратқанын, осы бойынша құзырлы органға шағым түсіргенін айтты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қылмыстық іс Алматы облысы әкімдігінің бақылауында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.