Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮЛІККЕ ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІЛЕРДІҢ САНЫ 700-ДЕН АСТЫ

13 қаңтар 2022
САЯСАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮЛІККЕ ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІЛЕРДІҢ САНЫ 700-ДЕН АСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полицейлері жаппай тәртіпсіздік пен бұзақылықтарға қатысы бар деген күдікпен 700-ден астам адамды анықтады. Бұл туралы Алматы облысының бас полицейі, облыс коменданты Серік Күдебаев айтты.

Серік Кудебаев облыс аумағында жаппай тәртіпсіздіктің, дүние-мүлікті қирату мен тонау орын алғанын айтып, қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдардың анықталып жатқанын жеткізді.

— Жаппай тәртіпсіздікке және дүние-мүлікті тонау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен жеті жүзден астам адам полиция органдарына жеткізілді. Оның 62-сі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Дерек бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды. Арнайы операция барысында қылмыскердерден жүзге жуық атыс қаруы тәркіленді. Осы бағыттағы мақсатты жұмыс одан әрі жалғасып жатыр, — деді облыстық полиция бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында радикалды күштер еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысты. Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы кейбір дүкендер тоналып, әкімшілік ғимараттар бүлінді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік борышын атқару кезінде полицейлер мен Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қаза тапты.

— Облыстық полиция департаменті мен Талдықорған қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің 80 пайызға жуығы әртүрлі дене жарақатын алды. Олардың бәрі өз өмірін қатерге тігіп, қасиетті антына адал екенін дәлелдеп, ел тыныштығын қорғауда табандылық пен ерлік мінез танытты, — деп толықтырды генерал-майор С.Күдебаев.

Қазіргі уақытта облыстағы жағдайды полицейлер мен әскерилер толық бақылауға алған. Талдықорған қаласының жан-жағына 4 блокпост, ал қала ішіне бірнеше жерге блокбекет қойылған. Ол жерде полицейлер мен әскери қызметшілер тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Полиция басшысының ақпаратына сәйкес, облыс орталығының көшелерінде 35 полиция көлігі үздіксіз автопатрульдейді. Күндіз тәртіп сақшылары мен Ұлттық ұлан сарбаздарынан құрылған 20 жасақ жаяу патрульдеп жүр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.