Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАШЫЛАРЫ ЗАҢ БҰЗҒАН БІРНЕШЕ АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ

9 шілде 2021
САЯСАТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАШЫЛАРЫ ЗАҢ БҰЗҒАН БІРНЕШЕ АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Саты» шекара бөлімшесінің аумағында қызмет атқару кезінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинаған азаматтарды қолға түсірді. Сондай-ақ, шекара наряды өсімдіктермен бірге үш дана ұларды тауып тәркіледі.

Отандастарымыздың заңсыз қадамына қатысты қос оқиға да 8 шілде күні орын алған. Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сай әрекет еткен шекарашылар түнгі сағат 12-ден 40 минут өткенде Жалаңаш-Алғабас тасжолының бойында Қазақстан Республикасының қос азаматы мінген көлікті тоқтатқан. Жеңіл көлікті тінтудің нәтижесінде ішіне белгісіз өсімдіктер салынған 30 қапшық табылып, тәркіленді. Өзінің салмағы шамамен 300 келіні тартады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл – еліміздің Қызыл кітабына енген «Макратони красячая» деп аталатын өсімдік болып шықты. Сонымен қатар, көліктен үш ұлар табылды. Отандастарымыз өздерінің заңсыз әрекеттерін «Саты» шекара бөлімшесінің учаскесіндегі мемлекеттік шекарадан 20 шақырым жердегі Далашық деп аталатын аумақта іске асырған. Қолға түскендердің бірі шекарашыларға қарсылық танытып, қашуға тырысқан.

Ал дәл сол күні кешкі сағат алтылардың кезінде шекара наряды «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкерлерімен бірлесіп, Жіңішке шатқалының бойынан 1986 жылы туған Е.Сыбанқұлмен бірге Қазақстан Республикасының төрт азаматын ұстады. Шекарашыларға өздерінің жеке бастарын куәландыратын құжаттарын көрсете алмаған азаматтардың көлігінен де Қызыл кітапқа кірген өсімдіктің түрі салынған бес қапшық табылып, тәркіленді.

Қазіргі сәтте шекара аймағында құрықталған азаматтар «Жалаңаш» шекара бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жұмыстары басталды.

Т.ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК шекара қызметінің запастағы подполковнигі

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.