Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА БАР

5 наурыз 2021
САЯСАТ
АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 2 қаңтарында қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында сол қаржыны тиімді пайдаланудың жолдары түсіндірілуде. Алматы облысындағы әскери қызметкерлер өздері жинаған зейнетақы қорындағы қаржыға қалай үй алуға болатынын банк қызметкерлерінен сұрап білді.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, «РБК банк», «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының қызметкерлері әскерилердің осы уақытқа дейін жинақтаған зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп, алынған соманы үйін кеңейтуге, пәтерін жаңартуға немесе жаңа пәтер сатып алуға, саяжай алуға ғана жұмсауға болатынын ұғындырды. 
Қысқасы, көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті сұрақтардың жауабы айтылды. Банк қызметкерлерімен кездесуге қатысқан 48 әскеридің бәрі де мәселенің маңызды екендігін мойындайды. Себебі, ғұмыр бойы әскери қызметпен жүріп, баспана жайын ойластырмаған қызметкерлер баршылық.
18386 әскери бөлімінің командирі, подполковник Серік Алдабергеновтің айтуынша, Талдықорғандағы әскери бөлімдерде қызмет ететін мамандардың отбасы мүшелеріне пәтер жалдау үшін ай сайын 33 мың теңгеден төленеді.
– Яғни, жаңа заңнамаға сәйкес әр әскери қызметшінің отбасы адам басына 33 мың теңгеден көмек алып, қолдау көріп отыр. Мысалы, ерлі-зайыптылардың отбасында екі бала болса барлығын қосқанда 132 мың теңге алады. Осы қаржыны Талдықорған қаласынан пәтер жалдауға жұмсайды, – деген бөлім командирі кездесудің себебін түсіндіріп өтті. – Әрине, әркім өзінің жеке баспанасы болғанын қалайтындықтан зейнетақы жинақтаушы қорындағы қаржысының бір бөлігін пәтер немесе үй алуға жұмсағысы келетіні анық. Осыған орай, банк қызметкерлері бірыңғай зейнетақы жинақтау қорындағы соманы қалай жұмсаудың шарттарын түсіндіріп жатыр. Ол үшін әскери қызметкер алатын үй не пәтер құнының 20 пайызы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналуы тиіс. Бұл соманы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салым ретінде алып, қалған бөлігін несие ретінде береді. Ол үшін банкте «Әскери баспана» атты арнайы бағдарлама жұмыс істейді.
Мамандар әскерилерді баспанамен қамтудың жолын осылайша іздестіріп жатыр.

Мәди АЛЖАНБАЙ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00
Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.