Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

АҚСУ АУДАНЫНДА КӨЛІКТІ ҰРЛАП ӘКЕТІП, БӨЛШЕКТЕП САТАТЫН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

3 қаңтар 2022
САЯСАТ
АҚСУ АУДАНЫНДА КӨЛІКТІ ҰРЛАП ӘКЕТІП, БӨЛШЕКТЕП САТАТЫН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданының тәртіп сақшылары кәсіби шеберлік танытып, ұрланған көліктің ізін ерекше тәсілмен жасыруға тырысқан күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, вахталық қызмет атқаратын тұрғын үйіне оралғанда ауласындағы жеңіл көлігінің қолды болғанын байқаған. Ол бірден полицияға арыз берген. Көліктің ақауы болған, жүрмей тұрған. Тәртіп сақшылары көліктің алысқа кетпеуі мүмкін деген пайыммен жақын маңды аралап, шолу жасайды.

— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 2002 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдікті қылмысын мойындап, көліктің шашылған бөлшектерін көрсетті, — деп хабарлады Ақсу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Нұржан Кеңесханұлы.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті ұрлаған көлігін үйінің ауласына апарып, бөлшектеп тастаған. Көліктің кейбір бөлшектерін сатып та жіберген. Көліктің ізін жасыру мақсатында оның шанағын майыстырып, темір қабылдаушыларға өткізуге дайындаған. Алайда ол ойы іске аспады.

— Көлік иесіне 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді. Қазір күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Көліктің бөлшектері тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді, — деп толықтырды полиция капитаны Нұржан Кеңесханұлы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.