Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz дерегіне сүйеніп.
- Тақырыпқа тұздық: Қазақстан ауылдарды дамыту үшін Ауғанстанмен байланысты арттырады
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин хабарлады.
Ауғанстаннан келген делегацияны күтіп алдық. 200-ден астам адам», — деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, жуырда B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.
«Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар», — деп жазды ол.
Сурет: twitter/Serik Zhumangarin





