Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Азын-аулақ азық-түлік аласың, бағасы 20-30 мың теңге — Жаңбыршин қорқақ кадрларды жұмыстан босату керектігін айтты

29.01.2025
САЯСАТ
Азын-аулақ азық-түлік аласың, бағасы 20-30 мың теңге - Жаңбыршин қорқақ кадрларды жұмыстан босату керектігін айтты

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрмысы нашар отбасылардың саны 2 есе көбейеді деген. Ал сарапшылар қымбатшылық 30-40 пайызға артады деп отыр. Осы жағдайға кім жауапты?!» деп сұрады журналист Мәжіліс кулуарында депутат Еділ Жаңбыршиннан. Бұл сұраққа депутат келесідей жауап айтқан:

«Бір адам не Үкімет жауапты деп айту қиын. Әрине, бұған геосаяси жағдайлар да әсер етеді. Біз негізінен энергетикалық ресурстарды сатумен бюджеттің 60 пайыздан астамын толтырып отырмыз. Сол себепті біз сыртқы нарыққа тәуелдіміз. Көршілерімізде болып жатқан қақтығыстардың да әсері болмай қоймайды. Біз өзіміз жеке дара өмір сүріп жатқан ел емеспіз. Әлемдегі болып жатқан оқиғаларға, экономикалық өзгерістерге тәуелдіміз. Осыны біз ескеруіміз керек. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін – өзіміздің ішкі ресурстарымызды көбейтуіміз керек. Біріншіден, жер байлығымызды өзіміз өңдеуіміз керек. Осының бәрі жасалмай жатқанын Мәжілісте айтып келеміз. Бұл жұмыстың бәрін жасайтын тәжірибелі маман, менеджерлер жетіспейді. Отаншыл, білімді, тәжірибелі менеджерлерді басшылық қызметке қоюымыз керек. Қажетті орынға қажетті мамандарды дұрыс таңдап қою керек. Осылай ғана біз бұл мәселелерді шеше аламыз. Үкіметте отырған кейбір мамандардың біліктілігіне күмәным бар. Олар мықты маман шығар. Бірақ олар өз орнында отырған жоқ», – деді депутат.

Ол азық-түлік пен коммуналдық қызмет ақысын екі есе қымбаттағанын тілге тиек етті.

«Жолдасым екеуміз азық-түлік алуға барамыз. Аз ғана зат аласың. Бағасы – 20-30 мың теңге болады. Бұрын ол затты 10 мың теңгеге алуға болатын еді. Бұл деген баға екі есеге қымбаттағанын байқауға болады. Коммуналдық төлемдерді де өзім төлеймін. Оның да қымбаттағанын байқадым», – деді ол.  

Депутат салықты көтере бермей, халыққа жұмыс жасауына мүмкіндік беру керектігін баса айтып отыр.

“Біріншіден, керек емес затты алмау керек. Екіншіден, қалай болғанда да бір кәсіптің көзін іздеу керек. Халыққа кәсіп бастау үшін төмен пайызбен несие беру керек. Жаңа технологияларды елге әкелу керек. Салықты көбейте бермей, халыққа жұмыс жасауына мүмкіндік беруіміз керек. Бір революциялық шешімдер жасауымыз керек. Өзгерістер жасау керекпіз.Бірақ мен ол өзгерістерді көріп отырған жоқпын. Баяғы жартас – сол жартас. Халық 2022-нің қаңтарынан бері оң өзгерістерді күтіп отыр. Ал мен адамның көңілі толатындай өзгерістерді байқап отырған жоқпын. Жоғарыға жалтақтайтын, шаблонды ойлайтын, жауапкершілік алмайтын, қорқақ, ескі кадрлардың бәрін жұмыстан босатуымыз керек. Олар әлі күнге дейін халықтың емес, олигархтардың сойылын соғып жүр», – деді Еділ Жаңбыршин.

Сурет: t.me/mazhilis_kz 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.