Талдықорған: +14°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БҮГІН — ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ. ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА!

10.01.2022
САЯСАТ
БҮГІН - ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ. ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА!
WhatsAppTelegramFacebook

10 қаңтар — Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні.

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік Тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.

Кейінгі күндері болған қақтығыстар кезінде қайтыс болған азаматтардың туған-туысқандары мен отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. «Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ, жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді. Осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын», — деді Президент.

Мемлекет басшысы қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатыны айтты. «Біздің тарихымыздағы осы бір қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек. Мен құрған ведомствоаралық топ содырлар мен лаңкестерді іздеумен және оларды ұстаумен айналысады. Олардың бәрі қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп азаматтарымызға уәде беремін. Барша қазақстандықтан өтінерім, сақтық танытып, барынша қырағы болыңыздар. Күмәнді адамдардың қандай да бір күдік тудыратын белсенді әрекетін байқасаңыз, құқық қорғау органдары мен жедел желілерге хабарлаңыздар», — деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шеруге Қазақстанның өзге өңірлері де қосылып, оның арты содырлардың ылаңына ұласты.

Жағдай ушыққандықтан 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Кейін Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді.

7 қаңтар күні ҚР Президентінің келісімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жарияланды.

ҚР Ішкі істер министрлігі бүлікшілермен қақтығыста қаза тапқан полицейлердің тізімін жариялады. Өз міндетін адал атқарғандар: Тараздық полиция қызметкері капитан Сланбеков Рахат Нұрбайұлы; Алматы қаласының полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы; Алматы полиция бөлімінің аға сержанты Асылханов Әлен Мұхитұлы; Прапорщик Ержанов Ербол Тілеубекұлы; Жамбыл облыстық полициясының кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті де қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің тізімін жариялады. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы оқиғалар салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады», — делінген комитет хабарламасында.

Қаза тапқан ҰҚК қызметкерлерінің тізімі: 1.ҚР ҰҚК Шекара академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдинов; 2.Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Дастан Әділбай; 3.ҚР ҰҚК Шекара академиясының аға офицері Жандос Жағалбаев; 4.ӘҚББ кіші жедел уәкілі Әділ Нүркенов; 5.ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Жайық Әділқан; 6. ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітім; 7.ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты Дәулет Жұпарбеков.

ҚР Ішкі істер министрлігінің соңғы дерегі бойынша Алматыдағы оқиғаларға байланысты 125 сотқа дейінгі тергеу басталған. «Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды», — деді министрдің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

01.04.2026
Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.