Талдықорған: +1°C
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БИЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ, НЕСІМЕН МАҢЫЗДЫ?

27.09.2020
САЯСАТ
БИЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ, НЕСІМЕН МАҢЫЗДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің қарқынды дамуы ең алдымен межеленген, көзделген жоспарлар мен бағдарламалардың толық орындалуымен жүзеге асады. Соған байланысты Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау жолдап, алдағы бір жылдың ішінде атқарылуы тиіс жұмыстардың бағытын бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мемлекеттің даму тетіктерін тұрақты қозғалысқа келтірудің жаңа жолдарын іздестіруге негізделіпті.

Жалпы, биылғы жыл күллі әлем жұртшылығы үшін түрлі сынақтар мен ауыртпалыққа толы болды. Көктеммен ілесе келетін Наурыз мерекесін күтіп жүргенімізде COVID-19 вирусының таралмауына арналған карантиндік шаралар енгізіліп, еркіндікке үйреніп қалған халқымыздың есеңгіреп қалғандай күй кешкені жасырын емес. Дегенмен, мемлекеттік қауіпсіздік үшін қолға алынған шектеулердің нәтижесін көрдік. Соған қарамастан көптеген замандастарымыз жұқпалы дерттен көз жұмып, қабырғамызды қайыстырып кеткені тағы рас. Қалай болғанда да күллі әлемді алаңдатқан аурудың бетін аулақ қылсын деп тілейік.

Пандемияның әсерімен амандықтың, есендіктің зор байлық, таусылмас нығмет екенін ұғындық. Осыны жақсы біліп, тұла бойымен ұғынған Президентіміз Жолдауда: «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.

Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.

Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер», – деп күн-түн демей еңбек еткен барша азаматтарға ризашылығын білдірді. Бұл халқының амандығына алаңдаған басшымыздың риясыз пейілінен туған пікірі еді.

Сонымен, биылғы Жолдау несімен ерекше, несімен маңызды деген мәселеге тоқталар болсақ, ең алдымен «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі» атты І тарауда Мемлекет басшысы айтқан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешімнің маңыздылығын алға тартар едім. Себебі, тікелей Президентке бағынышты болатын агенттік қазіргідей пандемия кезеңінде жаңаша сипатты жұмыс атқаруы тиіс деп білемін. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Сан алуан көрсеткіштер мен индика­т­ор­лардан тұратын мемлекеттік бағдар­ламалар әзірлеуді тоқтату қажет. Барша аза­матқа түсінікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жобалар форматына көшкен жөн. Негіз­гі мақсат – жұмыстың барысы емес, нәти­жесі болуға тиіс.

Осындай түбегейлі реформаны жүр­гізу үшін мемлекеттік аппараттың қыз­ме­тін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды.

Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия ке­зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті», – деп мемлекеттік қызмет саласында қысқартудың біртіндеп жүретінін, бұл, ең алдымен, цифрландыру үдерісінің жаңа қарқын алуына септігін тигізетінін алға артты.

Шынында биылғы карантин кезінде көптеген саланың жұмысының қашықтан жүргені айдан анық. Тіпті, мемлекеттік маңызды мәселелердің өзі онлайн режимде талқыланып, қажетті аудиторияға жеткізілді. Соған байланысты Жолдауда көтерілген мәселе маңызды болып отыр. Бұл мемлекет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсауға септігін тигізеді.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселе ретінде жыл соңына дейін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға түзетулер енгізілетінін атап өткен Президентіміз еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті назарда ұстайтынын ұғындырды. Мысалы: «Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бас­тап мемлекеттік қызметшілердің, де­пу­таттардың, судьялардың шетел банк­терінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қа­тыс­ты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек.

Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады.

Құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекс­ке өзгерістер енгізу керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мер­зімінен бұрын босату шарасы қол­данылмайды. Жемқорлықпен ұсталған­дардың мемлекеттік қызметте және ква­зимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар­ды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалып­тас­тыруымыз қажет», – деп бүгінгі күннің ащы шындығынан хабар берді.

Расында, мемлекеттің негізгі ұстынына кіретін мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетелдік банктерге ақша салуы сатқындықтың, опасыздықтың бір үлгісі. Өйткені, өз елін, туған жерін сүйетін мемлекетшіл жан тапқан табысын, жеткен жетістігін ең алдымен Отанның игілігіне жұмсауы тиіс. Әйтпеген жағдайда екіжүзді, астыртын пиғылды қолдайтынын білдіреді. Қос азаматтығы бар жандардың да сондай кейіпке кіретіні анық.

Міне, Жолдауда осындай өткір де шынайы пікірлерді алға тартып, еліміздің өркендеу жолы адалдықпен, әділдікпен өрілгенде ғана нәтиже шығатынын жеткізген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің көңілін тербеген пікірлерін ортаға тастады. Оның толығымен жүзеге асуы, жақсы нәтиже көрсетуі сіз бен бізге байланысты.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

Олимпиада жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

17.01.2026
Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

17.01.2026
Тәттіқұмар ұры ұсталды

Тәттіқұмар ұры ұсталды

17.01.2026
Әкеге тартқан Әділет

Әкеге тартқан Әділет

17.01.2026
Көгілдір отын – көпке үнем

Көгілдір отын – көпке үнем

17.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.