Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Енді көпшілік орынға мас күйде келгендер қоғамдық жұмыстарға тартылады

17 сәуір 2024
САЯСАТ
Енді көпшілік орынға мас күйде келгендер қоғамдық жұмыстарға тартылады
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілісте “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әділет министрі Азамат Есқараевтың сөзінше, ұсынылған заң жобасының түзетулерін екі негізгі бағытқа бөлуге болады:

  • «Қоғамдық жұмыстарға тарту» әкімшілік жазаның жаңа түрін регламенттеу және оны орындау механизмін айқындау.
  • Әкімшілік-деликтік заңнамасын одан әрі жетілдіру.

Қазір қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны қолдану қылмыстық заңнама шеңберінде орындалады. Қылмыстық-атқару кодексінің 24-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.

Заң жобасында «қоғамдық жұмыстарға тарту» түріндегі әкімшілік жазаның орындалуын әкімдіктерге жүктеу көзделіп отыр.

Заң жобасында қоғамдық жұмыстарды 9 бап бойынша, оның ішінде 13-і әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бойынша қолдану ұсынылады. Нақтырақ айтсақ, ұсақ бұзақылық (434-бап), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (440-бап), қоғамдық орындарда тиісу (449-бап) сияқты құқық бұзушылықтар бар. 

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен қоғамдық жұмыс орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін әкімдіктер (Қылмыстық кодекспен ұқсас) айқындайды. Сонымен қатар әкімдіктер:

  • сот қаулысы келіп түскен сәттен бастап құқық бұзушыны шақырады, оның жеке деректерін толтырады, оған құқықтары мен міндеттерін, қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін түсіндіреді;
  • қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адамдарды оларға жіберу туралы ұйымға хабарлама жібереді;
  • қоғамдық жұмыстарды орындау кестесі мен кезеңін жасайды;
  • құқық бұзушының қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарғаны туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.

Ұйымдар орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс істеген сағаттардың табелін жүргізеді; тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық жұмыстардың орындалу барысы туралы есеп береді.

Қоғамдық жұмыстар дегеніміз – қоғамға пайдалы еңбек, оның мақсаты –  құқық бұзушыны еңбек арқылы «тәрбиелеу» және қоғамдық қауіпсіздікке, жеке тұлғаға, басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың қайталануын

болдырмауға бағытталған алдын алу шарасы.
Айта кетейік, бүгін мәжіліс депутаттары экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық істер қатарынан алып тастау және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және жылыстату, сонымен қатар терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды. Соған сәйкес Қазақстанда кей экономикалық құқық бұзушылық қылмыстық істер қатарынан алынып тасталмақ.

Фото: uralskweek.kz

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.