Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Киік санын реттеуге қатысты жаңа құжат жарияланды

22 сәуір 2024
САЯСАТ
Киік санын реттеуге қатысты жаңа құжат жарияланды
WhatsAppTelegramFacebook

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің киік санын реттеумен байланысты бұйрық жобасы жарияланды. Бұл құжат арқылы санын реттеуге жататын жануарлардың түрлерін алып қоюға рұқсат беру қағидаларына өзгеріс енгізу көзделген.


Бұйрық жобасы саны реттелетін жануар түрін алып қоюға мемлекеттен рұқсат алу үшін жазылатын өтінім үлгісіне және сол өтінім негізінде рұқсат беру құжатының үлгісіне өзгеріс енгізуге арналған.

«Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы және шекарасы» деген тармақтың аяғына «(ақбөкеннің санын реттеуді қоспағанда)» дейтін қосымша тіркес енгізілмек.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары бұл өзгеріс киік санын реттеу саясатындағы соңғы өзгерістермен байланысты ұсынылып отырғанын айтады.

Бұйрықтағы өзгеріс киік атуға рұқсатты шектегенімен тыйым салу болып есептелмейді. 

«Ақбөкендер саны реттеуге жататын жануарлардың түріне жатқызылғанын білесіздер. Бірақ соңғы кезде осы мәселенің айналасындағы ұстанымдар қайта қаралып жатыр. Осыған байланысты саны реттелетін жануарлардың ішінде киік атуға рұқсат берілмейді. Бірақ бұл толықтай тыйым салу деген сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты шешім шыққаннан кейін барып киік атуға толық тыйым салынуы да мүмкін», — дейді комитеттің жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы Олжабек Холов.

Бұған дейін хабарлағанмыздай, Қазақстанда 10 ақпаннан бастап киік атуға қайтадан тыйым салынған болатын.

Алайда, биыл күзде Қазақстанда киік атуға қайта рұқсат етілетіні туралы Самарқанда өткен үнемі қоныс аударып тіршілік ететін жабайы жануар түрлерін сақтау конвенциясының кезекті отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеген болатын.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев киік санын мемлекет реттемесе, киіктің көбеюі шаруаларға зиян тигізеді деген уәж айтқанын жазған болатынбыз.

Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай өңіріндегі сапары кезінде ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеген болатын. 

Сондай-ақ, биыл мамырда еліміз бойынша киік санағы жүреді.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.