Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ҚОЙНАУЫНАН ІРІ ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ТАБЫЛДЫ

7 тамыз 2020
САЯСАТ
ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ҚОЙНАУЫНАН ІРІ ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ТАБЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел тарихындағы ірі есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында зертхана жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматын ұстады.

«Зертхананы, ұсталғандардың тұрғын үйі мен автокөлігін тінту барысында сатуға дайын және кристалдау кезеңінде тұрған жалпы алғанда 55 келідан артық жоғары сапалы «мефедрон» есірткі заты (алынған партияның «қара нарықтағы» құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды), сондай-ақ, ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы алынды», — делінген хабарламада. Одан басқа, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасау үшін жеткілікті бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер алынған.

«Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға «Іле Алатауы ұлттық паркі» аумағында коттедж сатып алып, онда «мефедрон» өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан.

«Өнеркәсіп ауқымындағыдай өндірілген есірткі ірі партияларда интернет желісінің «DarkNet» көлеңкелі сегментінде әрекет ететін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Бұл ретте, есірткі үшін төлемді басым көпшілігінде биткоиндармен алған. Ұсталғандардың айтуы бойынша, өндірілген есірткі Қазақстанда тазалығы мен сапасы бойынша ұқсасы болмағандықтан ірі қалалардың сатып алушылары арасында жоғары сұранысқа ие болған», — делінген хабарламада.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.