Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚОРДАЙДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС: ҚАРИЯҒА ҚОЛ КӨТЕРГЕНДЕРГЕ СОТ ҮКІМІ ОҚЫЛДЫ

3 мамыр 2020
САЯСАТ
ҚОРДАЙДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС: ҚАРИЯҒА ҚОЛ КӨТЕРГЕНДЕРГЕ СОТ ҮКІМІ ОҚЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке ілік болған қарт кісінің денсаулығына зиян келтірді деп айыпталған әке мен бала ісіне қатысты үкім шықты. Бұл жайында jasqazaq.kz ақпараттық сайты хабарлады.

Сотталушы 27 жастағы Марат Юнхуға бұзақылық жасап, адам денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген айып тағылды. 60 жастағы Эрсман Юнху бұзақылық жасады деп айыпталды.

Әкелі-балалыдан зәбір көрген Құдашбаевтар отбасы сотта зардап шегуші деп танылды. Бұл туралы сот залында жарияланған үкімде айтылды.

Жанжал 5 ақпанда Сортөбе ауылында болған. Тергеу келтірген мәліметке сүйенсек, кіші Юнху жолға шығып, ағасы жүк көлігімен ауласынан шығуы үшін көліктерді тоқтатқан. Осы кезде 78 жастағы Төлеген Құдашбаев офтальмологқа қаралу үшін ауданға бет алған. Көлік рөлінде оның ұлы отырған. Жолға тұрып алған кіші Юнхудан олар жөн сұрағанда, ол дөрекі түрде жауап берген.

Мұндай бассыздыққа шыдамаған көлік ішіндегілер сыртқа шығып, оған тап берген. Осылай төбелес басталған. Ұлдарына араша түсу үшін қария да көлігінен түскен. Осы кезде қария ішіне сілтеген аяқ тиіп, ол жолдың жиегінен ары қарай домалай құлап, жамбасын сындырған. 24 сәуірде сот Марат Юнхуды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу жазасын кесті. Оның әкесі де кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот әке мен баладан 3 миллион теңгеден астам моральдық шығын өндіруді, сол секілді сот шығындарын төлеуді міндеттеді.

ҚР Ішкі істер министрлігі екі отбасы арасындағы жолдағы жанжал Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке себеп болды деп санайды. 7 ақпанда сағат 19.00 шамасында Қордай ауданына қарасты ауылдың шетіне топтық төбелесті бастаған 70-ке жуық агрессивті жас жиналды. Жаппай төбелеске жалпы саны 300-ге жуық адам қатысты. Салдарынан 185 азамат жарақат алды, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктер өртенді.

Кейіннен Жамбыл облысының бас полиция қызметкері, Қордай ауданының әкімі және Жамбыл облысының әкімі және оның орынбасары қызметінен босатылды. Наурыз айының соңында тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқандарды ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп, 25 адам ұсталды, олардың жетеуі бұрын сотты болғандар. Олар Алматыға әкелініп, екі айға қамауға алынды.

Ал 29 сәуірде осы іске қатысты ұсталғандардың бірі — Бекбол Қибаевтың тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Оны камераласы қол жуғыштың жанынан сол қолының білегі кесіліп, қансырап жатқан жерінен тапқан. Алдын ала болжам бойынша, ол көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.