Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

9 мамыр 2019
САЯСАТ
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полицейлері Отан соғысынан 1951 жылы елге оралып, 1952 жылдан бастап табаны күректей 25 жыл ішкі істер органында қызмет еткен Сембек Қожахметұлын «Жеңіс күні» мерекесімен құттықтады.

Отан қорғау жолында кеудесін оққа тосқан ардагерлер саусақпен санайтын болсақ, Сембек ата ішкі істер органында қызмет атқарған ардагерлердің ішіндегі көзі тірі екі ардагердің бірі екенін айта кету қажет.

Сембек Қожахметұлы 1925 жылы дүниеге келген. 17 жасқа толмастан соғыс басталып, Сталинград майданына қатысқан. Ленинградды қорғауға үлес қосқан ардагер фашистер жеңілген соң Жапон милитаристеріне қарсы шайқасқа аттанған. 1945 жылы аттанып, 1951 жылы аман-есен елге оралған.

Елге келген соң 1976 жылға дейін ішкі істер органдарында әртүрлі қызметтер атқарған. Отан қорғаудағы ерік-жігері мен ел игілігі үшін еткен еңбегі ескеріліп, Сталиннің құрмет қағазымен және түрлі орден-медальдармен наградталған. Қазір 9 баладан тараған 30 астам немере мен оннан астам шөберенің ортасындағы мәуелі бәйтерегі, шаңырақтың берекесі.

Алматы облысының полицейлері үшін «Жеңіс күні» мерекесін атап өту осы Сембек ақсақалды құттықтаудан бастау салтқа айналғандай. Тоқсанның төріне шыққан абыз қария қызметтестерінің аты-жөндерін әлі сол күндердегідей есте сақтауымен таң қалдырды. Бүгін де тәртіп сақшылары от пен оқ кешіп, ел қорғаған ардагерге құрмет көрсетіп, сыйлықтарын берсе, ішкі істер органдарының облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қожақов омырауына мерекелік медаль тағып, өз ұйымының атынан қаржылай сый жасады.

— Мереке қарсаңында соғыс ардагерлеріне, олардың отбасына және оларға теңестірілген тұлғаларға сыйлықтар жасаймыз, құрмет көрсетеміз. Бүгін Сембай Қожахметұлы ардагерімізді құттықтау үшін облыстық полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлер кеңесінің атынан арнайы келдік. Бұл кісілердің ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмыт болмайды. Өскелең ұрпаққа үлгі ету жолында жұмыстар жасалып жатыр, — деді ішкі істер органдарының облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Қожақов.

Ғасырға жуық ғұмыры бар, өмірдің ащысы мен тұщысын көрген көреген қарияға сәлем беріп, ақыл-кеңесі мен батасын алуға келген қонақтарға үйренген ардагердің отбасы қазақы салтқа сай дастархан жайып, Сембек ата қонақтарға батасын берді, өз ризашылығын білдірді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.