Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕНДЕР 12 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛУЫ МҮМКІН

16 тамыз 2020
САЯСАТ
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚОЛ КӨТЕРГЕНДЕР 12 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛУЫ МҮМКІН
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл басынан бері Алматы облысында өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкіліне тіл тигізу дерегі бойынша 22 қылмыстық іс қозғалған, 16 адам сот шешімімен бас бостандығынан айырылса, 30 адам әкімшілік қамауға алынған. Бұл жайында Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде полицейлер заң өкілдерінің әрекеттерімен келіспейтін және мінез танытатын азаматтармен бетпе-бет келеді. Олардың кейбірі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына белсенді қарсылық көрсете отырып, көпшілік алдында билік өкіліне тіл тигізеді және оларға қарсы күш қолданады. Ал қолданыстағы заңнамада полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің арнайы нормаларымен қарастырылған, — деді Алматы облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Самал Арғынғазинова.

ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес, билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, сондай-ақ, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

— Әрбір іс бойынша күдікті адамдар міндетті түрде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынады. Ағымдағы жылдың 7 айында ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша 22 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 16-сы айыптау актісімен сотқа жіберілді, 6 іс өндірісте. 30 күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қабылданды, — деп атап өтті спикер.

Мысалы, Қарасай аудандық сотының үкімімен И.есімді азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша келген Қарасай аудандық полиция басқармасы екі учаскелік полиция инспекторына пышақ қолдану арқылы қарсылық көрсеткен және бір тәртіп сақшысына дене жарақатын салған.

— Көптеген жағдайларда кейбір азаматтар агрессивті қарсылық көрсетеді, қызметкерлерді арандатуға тырысады, тіпті өміріне қауіп төндірумен қорқытады. Сонымен қатар, олар осы әрекеттердің барлығын ұялы телефондарға түсіреді, шын мәнінде шынайы себептерді бұрмалай отырып, өздеріне тиімді тұстарды ғана түсіреді. Заңсыздыққа жол бермеу мақсатында барлық сақтық шараларын, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтауға, өкінішке әкеп соғатын әрекеттер жасамауға шақырамыз, — деп қорытындылады полковник Самал Арғынғазинова.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.