Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ПОЛИЦИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМ ҚАЙДАН БОЛАДЫ?!» ГЕНЕРАЛ ДИАЛОГ ОРНАТТЫ

24 қазан 2020
САЯСАТ
"ПОЛИЦИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМ ҚАЙДАН БОЛАДЫ?!" ГЕНЕРАЛ ДИАЛОГ ОРНАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев тұрғындармен кезекті рет ашық диалог орнатты. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев әлеуметтік желіде онлайн қабылдау өткізіп, тұрғындар көтерген түйткілді мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Өңірдегі бас полицеймен тікелей эфирде тілдескен Сарқан ауданының тұрғыны Ж.Есіркенова тамыз айында ауласынан қолды болған велосипедті тауып, күдіктіні құрықтаған жедел уәкіл, капитан Асқар Ратов пен учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Мұқан Абылайдың еңбегін ерекше атап өтті. «Жоғалған дүниеміз табылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Балама қуаныш сыйлағандарыңыз үшін рахмет!», — деді өз сөзінде жәбірленуші.

Тікелей эфир барысында облыстағы ішкі істер органдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Оның ішінде, облыс орталығындағы жол ережелерін сақтау, Жаркент қаласындағы орталық базар маңындағы автотұрақ, республикалық маңыздағы автожолдардағы жол қауіпсіздігі, полицияға жұмысқа орналасу және тағы басқа көптеген мәселелер сөз болды. Әрбір өтінішті мұқият тыңдаған генерал сала бойынша жауапты адамдарға тапсырмалар беріп, келесі онлайн кездесу барысында есеп беру қажеттілігін атап өтті.

— Проблема болмаса, тұрғындар хабарласпайтыны анық. Әр мәселе бойынша толыққанды шара қабылдамасақ, полицияға деген сенім қайдан болады?! Сондықтан, көтерілген мәселелерді зерделеп, арыз иелерімен хабарласып, проблема болса, шешу жолдарын қарастырыңыздар! Келесі кездесу барысында бүгін берілген тапсырмалар бойынша тыңдаймын», — деді апта сайын өтетін онлайн кездесуін қорытындылаған полиция генерал-майоры.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Еліміздің цифрлық қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті

Еліміздің цифрлық қызметтер экспорты 5 жылда 34 есеге өсті

Бүгін, 09:32
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары

Бүгін, 08:55
Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.