Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

САРЫӨЗЕК МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ АПАТЫНАН 61 ЖАСТАҒЫ ЖОЛАУШЫ МЕРТ БОЛДЫ

20 қаңтар 2022
САЯСАТ
САРЫӨЗЕК МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ АПАТЫНАН 61 ЖАСТАҒЫ ЖОЛАУШЫ МЕРТ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Алматы — Өскемен» тас жолында, Сарыөзек маңында көлік апатынан 61 жастағы бір адам мерт болып, тағы төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Осы келеңсіз жайтқа байланысты Кербұлақ аудандық полиция бастығы жол қауіпсіздігін қатаң сақтауды және жолда мұқият болу қажеттілігін ескертті.

«Алматы — Өскемен» республикалық маңызы бар автожолдың 174-нші шақырымында «Toyota Land Cruiser PRADO» автокөлігін басқарған бойжеткен рульге ие бола алмай қалған. Жол талғамайтын көлік аударылып, салондағы бірнеше адам жарақаттанып, бір адам көз жұмды.

— Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тиісті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Көлік апаты кезінде 1960 жылы туған жолаушы көз жұмып, 1985 жылы туған жүргізуші әйел мен 3 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, — деді Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Полиция таратқан ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасын жасаған көлік арнайы тұраққа қойылған. Тағайындалған сараптамалардың қорытындылары негізінде жол апатының не себептен орын алғанын толық анықтайтын сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, іс материалдары сот органдарының қарауына жолданады.

— Осы жағдайды ескере отырып, барлық жүргізушілерді жолда абай болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Жолдағы болмашы қателік өзіңіздің не өзгенің өміріне үлкен қауіп төндіретінін естен шығармаған абзал. Жоғары жылдамдық, қауіпті маневрлер жасау, мұқиятсыздық немесе ауа райы жағдайын есепке алмай, жолға шығу жол апаттарының басты себебі! — деді Кербұлақ аудандық полиция бастығы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.