Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

САРЫӨЗЕКТЕГІ ЖАУЫНГЕРЛЕР ТАНКІНІ ТҮНГІ УАҚЫТТА ЖҮРГІЗУДІ ҮЙРЕНДІ

29 желтоқсан 2021
САЯСАТ
САРЫӨЗЕКТЕГІ ЖАУЫНГЕРЛЕР ТАНКІНІ ТҮНГІ УАҚЫТТА ЖҮРГІЗУДІ ҮЙРЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдау бригадасының жауынгерлік даярлық жоспары бойынша әскери бөлімнің оқу-жаттығу полигонында әскери қызметшілер шынжыр табанды әскери ұрыс техникаларды жүргізуді меңгеруде. Жауынгерлік техникаларды жүргізу сабақтары күндіз және түнгі уақытта өткізілді.

Оқу-жаттығу полигонында БМП-2 және Т-72 танкінің механик-жүргізушілері қиылысқан жердегі кедергілерді барынша жоғары жылдамдықта еңсере отырып, дөңгелекті бронды техниканы жүргізу машығын жетілдірді.

Алдымен бөлімнің оқу-жаттығу полигонында көлікті жүргізу бағыттарында шынжыр табанды ауыр әскери техникалардың қозғалыс бағыты бойынша жол белгілері орнатылды. Одан басқа, жауынгерлік машиналарға отырмас бұрын әскери қызметшілер теориялық даярлықтан және нұсқамадан өтіп, оларға қауіпсіздік шаралары мен сынақ жаттығуын орындау шарттары түсіндірілді, сондай-ақ жергілікті жердің макетінде қозғалыс маршруты көрсетілді.

Сабақ барысында әскери қызметшілер бес шақырым қашықтыққа жүріп өтті. Жүргізушілер қозғалыс барысында түрлі жол жағдайларына кезігіп, жолда күтпеген кедергілерден өтіп, шеберліктерін шыңдады. Жауынгерлік машиналар көпірден жолтабан арқылы жүріп, ордан, бағандар арасынан өтуді, маневр жасау әдісімен мина-жарылғыш бөгеттегі жолтабан өткелімен жүруді орындады.

Оқу-жаттығуда, жүргізу ережесі бойынша әскери техниканы жүргізушілер оның габаритінің, бұрылу радиусының дұрыстығын ескерді.

– Мұндай сабақтар далалық жағдайда әскери қызметшілердің практикалық дағдыларын жетілдіру үшін тұрақты түрде өткізіледі. Әскери қызметшілер осы жаттығуларда алған білімдері мен шеберліктері келешекте әскери қызметте және алда өтетін басқа да оқу-жаттығуларда еркін қолданатын болады, – деп түсіндірді сабақ жетекшісі взвод командирі лейтенант Сәбит Төлеш.

Бөлім басшылығы әскери қызметшілердің жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жетілдіріп, шынжыр табанды әскери техникалардың практикада жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін толық үйренуге назар аударды.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Бүгін, 18:30
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.