Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Талдықорғанда студенттер мен полиция «Ашық микрофон» алаңында кездесті

4 қыркүйек 2026
САЯСАТ
Талдықорғанда студенттер мен полиция «Ашық микрофон» алаңында кездесті

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Жоғары политехникалық колледжінде студенттер мен тәртіп сақшылары арасында еркін форматта салмақты кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Шараны Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері арнайы кеңес мүшелерімен бірге өткізді. Кездесу «Ашық микрофон» форматында ұйымдастырылып, жастардың есірткіге қарсы сауаттылығын арттыруға бағытталды. Жетісу өңірінде есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жүйелі жүргізіліп келеді. Себебі заңсыз айналымға қатысты қылмыстар жастардың болашағына тікелей қауіп төндіреді.

Аудиторияға жиналған студенттер өздерін толғандырған өзекті сауалдарын қойып, білікті мамандардан тұщымды жауап алды. Шарада есірткі заттарын таратудың құқықтық, әлеуметтік салдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әсіресе ғаламтор арқылы «жеңіл жолмен табыс табу» ұсыныстарының артында қылмыстық жауапкершілік жатқаны ескертілді. Бір сәтте жасалған қате шешім адамды 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырып, соттылыққа әкелуі мүмкін. Ол болашақта сапалы білім алуға, беделді жұмысқа орналасуға үлкен кедергі келтіреді.

Жиында бұған дейін заң алдында жауап берген волонтер өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Өз сөзінде ол жіберген қателігінің зардабы туған-туыстарына да ауыр тигенін жасырмай айтты. Ол жастарды «жеңіл ақша» ұсыныстарынан аулақ болып, өз қателігін қайталамауға шақырды. Мұндай ашық әңгіме студенттерге ой салып, заңсыз әрекеттердің шынайы салдарын тереңірек ұғынуға көмектесті.

Тәртіп сақшылары жастарды күмәнді ұсыныстарға келіспеуге, ортасына мұқият болуға үндеді. Қауіпті жағдай туындаса, бірден полицияға немесе ата-анаға хабарлау қажет.

Жетісу облысында жастарды құқықтық тәрбиелеуге, олардың азаматтық сауаттылығын көтеруге бағытталған осындай шаралар тұрақты жалғасады. Жас ұрпақтың саналы таңдау жасауы – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.