Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН 33 АДАМ БОСАТЫЛДЫ, ОНЫҢ СЕГІЗІ — ЖАСӨСПІРІМ

15 ақпан 2022
САЯСАТ
ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН 33 АДАМ БОСАТЫЛДЫ, ОНЫҢ СЕГІЗІ - ЖАСӨСПІРІМ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында тергеу және уақытша ұстау изоляторынан 33 адам босатылды. Оның ішінде, 8 кәмелетке толмаған жасөспірім ата-анасының қамқорлығына алынды. Бүлікке қатысы жоқ екені дәлелденген азаматтарды босату жұмыстары әлі де жалғасады. Бұл туралы «Жетісу медиада» өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Бүгінде Алматы облысында 88 адам қамауда отырса, оның 60-ына бұлтартпау шаралары таңдалған. Бұлтартпау шарасы жеке басын, жасын, денсаулық жағдайын, қатысу дәрежесін, әрекетке қатынасын және басқа да сипаттайтын мәліметтерді мұқият зерттегеннен кейін ғана қолданылады.

Қаңтар оқиғасының салдарынан Алматы облысы бойынша 758 адам зардап шеккен, оның ішінде, 643-і полиция қызметкері, 78-і әскерилер, 37-сі бейбіт тұрғын. Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттар алды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

— Іс-әрекеттерінде ауырлататын мән-жайлар жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы шаралар қабылдануда. Мұнда әрбір құқық бұзушыға жеке мән беріп отырмыз. Сипаты мен санатының ауырлығы қаралды, — деді Алматы облысы прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 409 қылмыстық іс тергелуде, оның 158-і ұрлық, 191-і қаруды заңсыз сақтау, 11-і терроризм, 3-уі жаппай тәртіпсіздік, тағы 3-уі кісі өлтірумен байланысты.

Тергеу нәтижелері бойынша жеңілдету мақсатында 93 апелляциялық өтінішхат енгізіліп, сотпен прокурордың актілері қанағаттандырылды. 71 тұлға қамаудан босатылды, 22-не айыппұл ескертуге ауыстырылды. Қазіргі таңда облыс бойынша әкімшілік қамауда отырған адамдар жоқ.

Естеріңізге саламыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактілерімен 37 қылмыстық іс тергелуде.

— Жәбірленушілердің өтініштерінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Қаңтардағы оқиғалар» бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде жәбірленушілерге қатысты қылмыс жасады деп тану мақсатында азаптаулар жасағаны баяндалған. Полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты қорғаушылар, туыстары, ата-аналары және жәбірленушілердің өздері өтініш білдірді. Сонымен қатар, күн сайын қажетті тергеу әрекеттері жүргізілетін БАҚ мониторингі жүргізіледі. Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін күн сайын бірқатар тергеу амалдары жүргізілуде, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары Дулат Мадияров.

«Атыс қаруы заңсыз сақталған адам оны өз еркімен берген жағдайда, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады», — деп аяқтады Алматы облысы тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сақтық шарасы – саулық кепілі

Сақтық шарасы – саулық кепілі

21 қараша 2026
Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

21 қараша 2026
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

21 қараша 2026
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

21 қараша 2026
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

21 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.