Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖАҢА ЗАҢ СОТ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

4 ақпан 2019
САЯСАТ
ЖАҢА ЗАҢ СОТ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын. Соған орай облыстық соттың мәжіліс залында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, судьялар, облыстық басқармалар, нотариустар, адвокаттар, банк өкілдері, кәсіподақ ұйымдары және тұрғын үй-коммуналдық сала қызметшілері қатысты. «Дөңгелек үстелді» бейнеконференция арқылы аудандық соттардың төрағалары мен жоғарыда аталған органдар, мекемелердің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тамашалады.

Облыстық соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалары Қалдарбек Досымбет пен Советхан Сәкенов Елбасы қол қойған Заңның маңызды аспектілеріне тоқталды. Бұл Заң Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтары мен 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауын іске асыруға бағытталған. Заң шеңберінде 42 заңнамалық актіге, осның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізу көзделген. Меншік құқығы, арбитраж институты, сот жүктемесін оңтайландыру мен экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге қатысты түзетулер қарастырылған.

— Сот жұмысын оңтайландыру жайы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген. Сот реформасын жүргізу барысында талассыз даулар болады. Оларды шешу үшін сот бұйрықтары шығарылып, баж салығы төленеді. Сотқа нотариустық келісімшарт бойынша қарыздар көп келеді. Соның барлығы сот жұмысын ауырлатады. Сондықтан, талассыз дауларды шешу үшін нотариусқа, прокуратура орындарына, сот орындаушыларына беріп жатыр. Сөйтіп, сотқа қазір екі-ақ санкция қалдырылды, – деген облыстық сот судьясы Арыстанбек Ыстыбаев Заңға енген өзгерістер мен толықтырулардың артықшылығын сөз етті.

Басқосу барысында мүлікті тәркілеуде меншік құқығын қорғау, мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскесін алып қою кезінде баламалы өтемақының өтелуі, банктік заем шарты тараптарының мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету, салықтық және экономикалық қылмыстық құқықбұзушылықтарды ізгілендіру мен сот жүктемесін оңтайландыру тақырыптарына судьялар баяндама оқыды.

Шара соңында облыстық сот пен облыстық әділет департаменті арасында өзара ынтымақтастық пен міндетті және уақытылы сот актілерінің орындалуы туралы меморандумға қол қойылды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.