Талдықорған: +18°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Жетісуда инвесторлар халықаралық әуежай салмақшы

29.03.2024
САЯСАТ
Жетісуда инвесторлар халықаралық әуежай салмақшы
WhatsAppTelegramFacebook

«Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында заманауи әуе айлағы салынбақ. Бірлескен Қазақстан-неміс жобасына 250 млрд. теңге инвестиция тартылып, «SKYHANSA» ЖШС компаниясы 700 жұмыс орнын құрады деп жоспарланған. Жоба үш кезеңнен тұрады. Қуаты 50 мың тонна жүк тасымалдауға, жолаушылар терминалынан сағатына 500 адамға дейін өткізуге қабілетті. Жобаны іске асыруға қатысты мәселелер бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың инвесторлармен кездесуі барысында талқыланды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іскерлік кездесуде Бейбіт Исабаев Жетісу облысының транзиттік әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдері мен Еуропаға дейінгі маңызды маршруттардың қиылысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА орналасқан, оның құрамына Құрғақ порт, жалпы ауданы 5 мың гектарға жуық логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді.

— Бүгінгі таңда «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының бірыңғай тізіліміне 56 қатысушы тіркелген, олардың жалпы құны 800 млрд. теңгеден асатын жобалары бар. «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты – Арнайы экономикалық аймақтың негізгі нысандарының бірі. Бұл Орталық Азиядағы аумағы 103 гектарға жуық жерді алып жатқан ең ірі Құрғақ порт. Ол теңіз логистикалық хабтарының айрықша баламасы болып отыр. Сол сияқты Қазақстан бойынша теңгерімінде өзінің теміржол инфрақұрылымы бар жалғыз терминал. АЭА аумағында инвесторлар үшін, сол қатарда шетелдік инвесторлар үшін де жеңілдіктер мен артықшылықтар, арнайы тарифтер қолданылатынын атап өтуге болады. АЭА-да қатысушылардың саны жыл сайын артып келе жатқандықтан, аумақта халықаралық жүк-жолаушылар әуежайының ашылуы транзиттік әлеуетті одан әрі дамытуға оң ықпал етеді. Сіздермен бүгін алғаш рет кездесіп отырмыз, барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынмын, — деді өңір басшысы.

«SKYMAX TEHNOLOGIES» компаниялар тобы» ЖШС Бас директоры Ерік Шортанбаев жоба жайлы кеңінен әңгімелеп, бірінші кезекте өзінің неміс серіктестерін, яғни жобаға инвестиция салуға ниетті «The Hansa Consortium» компаниясының өкілдерін таныстырды. Инвестордың айтуынша, жоба үш кезеңнен тұрады. Халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салудан бөлек, мұнда қажетті инфрақұрылыммен қамту, сондай-ақ оны кезең-кезеңімен кеңейту, өндірістік қуатын ұлғайту, қонақ үй, сауда-ойын-сауық орталығын іске қосу көзделген. Осылайша жоба 2032 жылы толығымен аяқталады. Ал әуежай 2027 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланған.

Е. Шортанбаевтың айтуынша, жобаны іске асырудың І кезеңінде әуежайдың негізгі инфрақұрылымы салынады, ал І және ІІІ кезеңдерде қосымша инфрақұрылымдарды аяқтау, жолаушылар терминалының өткізу қабілетін, жүк және отын қоймаларының қуатын кеңейту қарастырылған. Сондай-ақ, инвесторлар сауда, туристік қызметтер, сондай-ақ тамақтану және орналастыру қызметтерінің кешенін кеңейтіп, дамытуға ниетті. Атап өтсек, әуе лайнерлеріне заманауи Jet a-1 отыны пайдаланылмақ.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, жобаны іске асыру үшін мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі:

— Әуежай салудағы тәжірибелеріңізді ескере отырып, біз өз тарапымыздан осы стратегиялық маңызды жобаның нәтижелі іске асырылуы үшін, атап айтқанда, сыртқы инфрақұрылымды жүргізу мәселелерінде заң аясында қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл байыпты дайындықты қажет ететін маңызды жоба. Сіздердің қандай міндеттеме алатындарыңызды, біздің тарапымыздан нақты қандай қолдау керектігін, соның бәрін әр кезеңге егжей-тегжейлі нақты белгілеу керек. Жобаны кешіктірмей іске асыру үшін қандай жұмыстарды қатар жүргізу керектігін де бірлесіп қарастырайық, — деді облыс әкімі.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Облыс әкімдігі тарапынан келісімге кәсіпкерлік және инвестиция тарту салаларына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов қол қойды.

Еске салсақ, бұған дейін инвестор компания «Skyhansa» ЖШС мен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған болатын. Сондай-ақ, инвесторлар шағын авиацияны дамыту жайында ұсыныстарын да жеткізген. Осы бағытта Талдықорған қаласының әкімдігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

 

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.