Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

5 тамыз 2026
САЯСАТ
ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның құқық қорғау қызметі деректер ғылымы мен жасанды интеллект жүйелеріне негізделген мемлекеттер қатарына сенімді қадам басып келеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лимен маңызды жұмыс кездесуін өткізді. Басқосудың басты ерекшелігі – сырттай келген мамандар емес, прокуратура қызметкерлерінің өздері әзірлеген алғашқы цифрлық жасанды интеллект құралдарының таныстырылымы болды. Мұндай айтулы нәтижелерге отандық Q.AI компаниясымен тығыз ынтымақтастық арқылы қол жеткізілді. Жиырмадан астам прокурор дәстүрлі бағдарламалау дағдыларын қажет етпейтін, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді жылдам құруға мүмкіндік беретін озық Vibe Coding әдісі бойынша қарқынды оқу курсынан өтті.

Таныстырылым барысында қадағалау органының басшысы мен доктор Кай-Фу Лиге екі пилоттық өнім көрсетілді. Соның бірі – қылмыстық істер бойынша мәтіндік анықтамаларды автоматты түрде талдап, бірнеше секунд ішінде көрнекі схемалар құрастыратын тергеушінің жасанды интеллект көмекшісі. Бұл алгоритм істің мән-жайын өздігінен анықтап, қатысушылар арасындағы жасырын байланыстарды айқындайды және негізгі дәлелдемелерді жүйелейді. Парақорлық пен жалған шот-фактураларға қатысты істерде сәтті сынақтан өткен бұл құрал қызметкерлерді күнделікті техникалық жұмыстан босатып, уақытты едәуір үнемдейді. Екінші өнім – қылмыстық статистиканың бір жылдық көлемін небәрі он бес минут ішінде өңдей алатын үлкен деректердің талдаушысы. Нейрожелі құқық бұзушылықтардың түрлері мен демографиялық көрсеткіштерін айқын көрсететін интерактивті дашбордтар қалыптастырып, алдын алу шараларын жедел қабылдауға жол ашады.

Жиын барысында әлемдік сарапшы қазақстандық прокуратураның цифрлық жетілу деңгейіне жоғары баға беріп, кодтың бірде-бір жолын жазбамаған қызметкерлердің адам мүмкіндігінен әлдеқайда жылдам жұмыс істейтін өнімдер әзірлегенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша маман-прокурорларды одан әрі оқыту және жүйелі жасанды интеллект қабатын енгізу бағытында нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар үздік шешімдердің авторлары атанған қызметкерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

– XXI ғасырда басты детектив алгоритмдер түрінде көрінеді. Егер бұрын қылмыскерді саусақ ізі әшкерелесе, енді оны мінез-құлық моделі әшкерелейді. Біз құқық бұзушылардың күмәнді үлгілерін анықтау үшін бейне ағындарды талдау мүмкіндігіне жақындап келеміз. Қылмыскер жүзін жасыра алады, бірақ өзінің мінез-құлқын жасыра алмайды, – деді Берік Асылов кездесуді қорытындылай келе.

Еске сала кетсек, 2026 жыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы ретінде қабылданған болатын. Мұндай ауқымды бастамалар мемлекеттік институттарды жаңғыртуға және басқару сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

25 қараша 2026
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.