Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖОЛДЫ БЕЙ-БЕРЕКЕТ КЕСІП ӨТЕТІН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

19 қазан 2020
САЯСАТ
ЖОЛДЫ БЕЙ-БЕРЕКЕТ КЕСІП ӨТЕТІН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полицейлері жаяу жүргіншілер жол ережелерін жиі бұзатын жерлерге кезекшілік жасады.

Патрульдік полиция ротасы қызметкерлерінің назары Алматы-Өскемен автожолымен Талдықорған қаласының кіреберіс аумағында болды. Себебі, тәжірибенің көрсетуі бойынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері жиі орын алады және жол ережесі де жиі бұзылады.

Жыл басынан бастап жолдың аталған учаскесінде 4 адам қаза тапқан, жаяу жүргіншілерді қағудың 7 дерегі орын алған.

— Негізінен, осы аумақта «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгісі бар. Алайда кейбір жаяу жүргіншілер әлі де өз өмірі мен денсаулығын бәске тігіп, жолды кесіп өтеді, сонымен  қатар, олар жол қозғалысының басқа да қатысушыларына нақты қауіп төндіреді. Және мұндай деректер түбімен тоқтатылуы керек. Біз осал деп аталатын учаскелерге патрульдік полицияның бірнеше экипажын шығардық, — дейді рейдтік іс-шарадағы Алматы облысы полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары, полиция майоры Қайырбек Қанатбеков.

Жыл басынан бері патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қатысты 772 құқық бұзушылықты анықтады.

— Жоғарыда көрсетілген учаскеде көлік жүретін бөліктен өту қағидаларын бұзғаны үшін 28 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл олар үшін және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін пайдалы сабақ болады деп үміттенеміз. Көңіл көншітпейтін статистика мен қайғылы фактілер бүгінде жаяу жүргіншілер үшін жауапкершілікті күшейтуге және олардың жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауына бақылауды күшейтуге ықпал етеді. Рейдтік іс-шаралардан басқа, алдын алу саласында да ерекше жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар жол қозғалысына қатысушылардың жол тәртібіне оң әсерін тигізуге мүмкіндік береді, — деді майор Қ.Қанатбеков.

Бұдан өзге, жүргізуші құрамға тұрақ, белгілер мен таңбалар, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Аталған құқық бұзушылық түрлері бойынша патрульдік полиция қызметкерлері 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Талдықорған қаласына кіреберісте ұйымдастырылған іс-шараның бір күнінде барлығы 40-қа жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Мың алғыс, абзал жандар!

Мың алғыс, абзал жандар!

Бүгін, 13:29
Туған жерін түлеткен

Туған жерін түлеткен

Бүгін, 13:20
Сарқан ауданында 50 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Сарқан ауданында 50 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Бүгін, 12:50
Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Бүгін, 12:16
Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.