Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Шекара қызметіне кімдер қабылданады? Жетісудағы негізгі талаптар

09.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шекара қызметіне кімдер қабылданады? Жетісудағы негізгі талаптар
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында әскери мамандықты таңдаған жастар мен Отан қорғау саласында қызмет еткісі келетін азаматтарды іріктеу жүргізілуде. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Кадр бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Нұрпейісов пен Кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков мәлімдеді.

Кездесу барысында мамандар әскери оқу орындарына құжат тапсыру тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар және Шекара қызметіндегі жұмыс мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.

Жастар Шекара академиясымен қатар Ресей мен Түркиядағы әскери жоғары оқу орындарында білім ала алады. Үміткерлердің жасына және білім деңгейіне қатысты талаптар белгіленген. Бұған қоса олар медициналық тексеруден, дене дайындығы мен психологиялық жарамдылық сынағынан өтеді. Арнайы тексеру де қарастырылған. Бұл рәсім шамамен 3-4 айға созылады.

Іріктеу конкурстық негізде өтеді. Мұнда ҰБТ нәтижесі де ескеріледі. Жалпы мамандықтарға үміткерлер кемінде 50 балл жинауы тиіс, оның ішінде әр пән бойынша көрсеткіш 5 балдан төмен болмауы қажет. Дәрігерлік бағыттар үшін шекті балл – 70.

Әскери оқу орнын тәмамдаған курсанттарға «лейтенант» атағы беріледі. Қызмет барысында мамандарға ақшалай төлемдер, қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдері, ақылы демалыс және медициналық көмек қарастырылған.

Жоғары білімі бар азаматтар үшін Шекара қызметінде алты айлық даярлау курстары да бар. Оқу бағдарламасына шекаралық бақылау, тәрбие жұмысы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, байланыс және ақпараттандыру бағыттары енгізілген. Оған 30 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар запастағы офицерлерді қызметке тарту қарастырылған. Сұранысқа ие бағыттардың қатарында медицина, байланыс және ақпараттық технологиялар, ветеринария, психология, журналистика, қаржы және құқық салалары бар.

Келісімшарт негізінде 18 жастан бастап белгіленген шекті жасқа дейінгі азаматтар қызмет атқара алады. Үміткердің мерзімді әскери борышын өтеуі, әскери кафедрада білім алуы немесе тиісті даярлықтан өтуі қажет.

– Бүгінгі таңда Жетісу облысы бойынша департаментте офицерлік құрамға, Шекара академиясына және жоғары оқу орындарына бағытталатын жастарды іріктеу, сондай-ақ келісімшарт негізіндегі қызметке үміткерлерді зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық рәсімдер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Кадр бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Нұрпейісов.

Шекара қызметінің өкілдері әскери мамандыққа қызығушылық танытқан жастарға қойылатын талаптарды алдын ала зерделеп, қажетті құжаттарды уақытылы жинақтауға кеңес берді.

  Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда экопарк ашылды

«Таза Қазақстан»: Жетісуда экопарк ашылды

10.09.2026
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

Алакөлден Балқашқа дейін: Жетісудағы туризмді дамытудың жаңа кезеңі

10.09.2026
Жер бетінде кезекті температура рекорды орнады

Жер бетінде кезекті температура рекорды орнады

10.09.2026
Әскери қызметке қабылдау кезінде тексеру күшейтіледі

Әскери қызметке қабылдау кезінде тексеру күшейтіледі

10.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.