Талдықорған: +2°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫНДА ТӨЛ МӘДЕНИЕТІМІЗ ҚАЛАЙ ДАМЫДЫ? САРАПТАМА

23.10.2021
ТҮПСАНА
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫНДА ТӨЛ МӘДЕНИЕТІМІЗ ҚАЛАЙ ДАМЫДЫ? САРАПТАМА
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік. Азаттықтың ақ таңы. Егемендік. Тұғырлы мемлекет — тәуелсіз ел. Мәдениеті өркендеп, ұлттық құндылықтармен бірге рухани жаңғырған азат Қазақстан.

Иә, расымен де бұл сөздерді тілге тиек еткенімізде, кеудемізді мақтаныш сезімінің кернейтіні де рас. Бірақ 1991 жылдың 16 жетоқсанында арайлап атқан Тәуелсіздіктің ақ таңы бізге оңайлықпен келмеді. Тарих тұғырнамасында қаншама қиын-қыстау кезеңдерді басымыздан өткердік,  Отаны мен елі үшін қаншама патриот жастар Тәуелсіздік жолында құрбан болды?! «Елім», «жерім» деп соққан жүректер қазақ елінің Тәуелсіздігі мен ұрпағының болашағын бәрінен биік қойып, аңсаған мұратымызға жеттік.

Міне, біз бүгінгі Тәуелсіздік үшін кешегі өткен ата-бабаларымыздың алдында мәңгі қарыздармыз. Осы орайда Отаны мен елі үшін жанын құрбан еткен текті халықтың, елі мен жерін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған батырлардың ұрпағы екенімізді бір сәтке де естен шығармауымыз қажет.

Биыл — ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл уақыт бедері кейбіреулер үшін тым қысқа болуы мүмкін. Соған қармастан осы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бүкіл әлем мойындаған алпауыт мемлекетке айналды. Қазақстан өзге дамыған елдермен терезесін тең етіп, әлеуметтік-экономикасын өркендетіп, дамудың даңғыл жолына қарыштап қадам басты. Бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы саясатымен іргетасын берік етіп қалаған егемен еліміздің тізгінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алып, табысты жалғастыруда.

Кез келген тәуелсіз елдің дамуы жолында ең басты құндылықтардың бірі — ол мәдениеттің дамуы мен өркендеуіне баса назар аудару. Яғни, мемлекеттің өсіп-өнуімен бірге біз мәдениетті де назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Материалдық мәдениетпен бірге ең әуелі рухани мәдениет, өркениеттің жаңғыруы аса маңызды. Біз тек рухани құндылықтарымызды сақтай отырып, сонау заманнан бері келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды, наным-сенімдерімізді, ұлттық кодымызды  қастерлегенде, рухани мұраларымызды сақтап, олардың заман ағымымен бірге мәдениет сахнасында өркендеткенде ғана егемен еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жалпыұлттық  идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар еткен мемлекет болатынымыз сөзсіз. Қажырлы еңбекті қажет ететін жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Бұл ретте «Мәңгілік Ел» — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмайтын қайнар көзі болып табылады.

Осы орайда әрбір қазақстандықты «Бүгінгі күнге дейін руханиятқа, мәдениетке, өркениетке қаншалықты көңіл бөле алдық?», «Қазақстанның мәдениеті Тәуелсіздік жылдары бедерінде қалай дамыды?», «Мемлекет тарапынан қандай мәдени іс-шаралар қолға алынды?» деген сауалдардың мазалайтыны белгілі. Бүгінгі мақаламызда осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Тәуелсіздікке ие болған 30 жылдың ішінде мемлекетіміздің рухани өмірінде де көптеген өзгерістердің орын алғаны ақиқат. Еліміздің мәдениет пен өркениет жолындағы жетістіктерін сараптау — бүгінгі күн тақырыбындағы өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен 2000 жыл елімізде «Мәдениет жылы» деп жарияланып, 2004 жылы Елбасы 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Аталған бағдарлама қабылданғаннан кейін елімізде көптеген іргелі мәдени еңбектер жарық көрді. Мәдениетіміздегі құнды кітаптар қоры көбейді, мәдени тарихи ескерткіштеріміз қайта жаңғырды. Ежелгі тұрақтар мен қоныстарда, көне қалаларда археологиялық зерттеу жұмыстары қолға алынды. Әлемдегі бірқатар мемлекеттерге экспедициялар ұйымдастырылды, өнер жайлы бұрын белгісіз болған қаншама қолжазбалар табылды?! Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты бұрын зерттелмеген басқа тілдегі бірнеше кітаптар зерттелді. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет, өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі сияқты бағыттар бойынша жүздеген кітап шығарылды. Мәдени мұраламызды танытуға арналған осы бір ғана бағдарламаның аясында егемен елімізде атқарылған бұдан өзге де іс-шаралар легі толассыз.

Ал Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары, оның ішінде, «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның сакральды географиясы» арнайы жобалары, «Туған жер» бағдарламасы, «Ауыл — ел бесігі», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «100 жаңа есім», «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандағы мәдениет» және басқа арнайы жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды игі шаралардың барлығы Қазақстан өркениеті мен мәдениетін дамытуға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтып өткендей, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздігімізді мәңгі ету үшін сонау сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекетінен бері жалғасып келе жатқан рухани және материалдық мәдениетіміздің құндылықтарын насихаттап, тағылымды тарихтан сыр шертетін танымдық дүниелерді шеттетпеуіміз қажет. Кез-келген мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі жолында руханияттың, мәдениеттің алар орны айрықша екенін естен шығармайық.

Алтынай СЕЙТКЕН,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 1-курс студенті

Серғазы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.