Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ҚАНАТ ӘБІЛҚАЙЫР: «ҰЙҒЫР ТІЛІН БІЛУДІ МІНДЕТТЕГЕН ҰСТАЗ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ КЕРЕК»

08.06.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
ҚАНАТ ӘБІЛҚАЙЫР: "ҰЙҒЫР ТІЛІН БІЛУДІ МІНДЕТТЕГЕН ҰСТАЗ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ КЕРЕК"
WhatsAppTelegramFacebook

Журналист, жазушы Қанат Әбілқайыр әлеуметтік желідегі парақшасына Ұйғыр ауданында болған мәселелерді көтеріп, пост жазды. Автор постқа «Ақтамның мұғалімдері қазақтарға ұйғыр тілін білуді міндеттеп отыр ма, Баталов мырза?» деген тақырып қойған. Өз сөзінде ол Ұйғыр ауданында Қордайдағы жағдай қайталанбас үшін өңірдің идеологиясына баса назар аудару қажеттігін алға тартады. Желіде жарияланып, 500-ге жуық пікір жазылып, 600-ге жуық адам бөліскен пост мәтіні төмендегідей:

Жазбайын десең де — жазғызады. Айтпайын десең де — айтқызады. Алматы облысындағы алақандай ғана Ұйғыр ауданында ай сайын буынсыз жерге пышақ ұратын ұлтаралық түсініспеушіліктер болып жатады. Бірақ ғажабы соның бірі де республика, қала берді облыс дәргейіне жетпей жылы жабылып келеді.

Қордайдағы осындай проблемалардың соңы қандай қантөгіске әкелгенін неге ұмытып кеттік? Кез келген проблема уақытылы шешілмесе, кінәлілер дер кезінде жауапқа тартылмаса, оның соңы жақсылыққа әкелмейтінін көрмедік пе?

Маған Ұйғыр ауданының проблемаларына қатысты көптеген жаға ұстатар деректер келеді. Кезінде біразын жариялап, оң шешілуіне жәрдем де етіп едік. Кейін қол тимей, қоржындағы бар деректі өзге журналистерге беретін болдым. Қордайдағы жағдайдан кейін соларды жеріне жеткізіп өзімнің жазуым керек екенін, жазбай қалсам, мемлекетке қарсы жасалған қылмыс болатынын түсіндім.

Қазір қоржынымда біраз проблема бар. Осы еңбек демалысымды пайдаланып, соның бірнешесін Амандық БАТАЛОВ мырзаның (Алматы облысының әкімі — ред) назарына ұсынуды жөн санап отырмын. Үнімді Амандық ағамызға Ғалымұрат Жүкел (Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы — ред) бауырым жеткізеріне күмәнім жоқ.

Ұйғыр ауданында Ақтам деген ауыл бар. Осыдан бірер апта бұрын сол Ақтамда қазақ пен ұйғыр жастары арасында төбелес болады. Артынша Ақтам орта мектебінің 10-сынып оқушысы Турсунова Шахсанам өз Ватсабының статусына: «Қазақ жері деп кеуде кермей-ақ қойыңдар. Жер де, шаңырақ та Алланікі, соны біліңдер, қазақ балалары. Сендерде күш жоқ, жеке шығып сөйлесуден қорқасыңдар. Ағаларыңа көрсетіп қойыңдар, если че, қыздар!» — деген жазбасы шығады.

10-сынып оқушысы ұлтаралық жанжал туғызатын сөз айтып тұр. Оның бұлай «гәпіруі» сол аудандағы идеологияның тоқырап қалғанының белгісі емес пе?

Енді ұйғырды айта отырып, өзімізді де ұмыт қалдырмайық. Шахсанам қарындасқа жауап жазған сол мектептің оқушысы Әсем: «Көптен бері санамда жүрген бір түйір сөз бар еді. Айтпасыма болмады. Біз өз тәуелсіздігімізге сан жылдар бойы армандап жеткен мемлекетпіз! Ата-бабамыздың арқасында жеткенбіз. Бірақ осыншама қанды төгістен кейін армандап жеткен жерімізге қайдағы бір тәуелсізігі жоқ елдің әңгіме айтып тіл тигізгені болмас! Бостандықтың қадірін білмей, шалқып өмір сүріп жатырсыңдар. Айналайындар, шүкіршілік етіңдер! Ар-намыс жібермейді. Қазақ ол қазақ! Ешбір халық салыстыруға келмейтін ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ!» деген сипаттағы бірнеше жазба қалдырады.

Әрине, Әсемнің сауатты жазбасына ырза боласың. Десе де, бұл бастамасы ғана екен.

Артынша осы екі оқушының мәселесі сөз болып жатқан тұста мектеп мұғалімдері арасында жанжал туады. Мектеп ұстаздарының Ватсап чатында өзінің онлайн сабағы жайында ұйғыр тілінде есеп берген биология және өзін-өзі тану мұғалімі Қахарова Турдибувиге басшылықтан (директордың орынбасары) есепті мемлекеттік тілде беру жайлы ескерту жасалады. Бірақ қазақ сыныптарына да сабақ беретін Қахарова ол ескертуге пысқырып та қарамай, қайта өзінің ісінің дұрыстығын айтып, мектептегі әр мұғалім қазақ және ұйғыр тілдерін білуге міндетті деп айды аспаннан бір-ақ шығарады (аудио-жазбасы қолымда бар).

Ұйғыр тілін қазақтар білуі керек деген заң қайдан шықты? Бұл стандартты Қахарова ханым қайдан алып отыр? Осындай жайттар ақтамдық қазақтарды намыстандыратыны анық. Оның соңы неге апаратынын мемқызметші мұғалім неге ойламайды? Ауданның идеологиясына жауапты адамдар осындай кикілжіңдерді неге жасырып қала береді?

Айтпақшы, жаңағы жанжалшы мұғалім Қахарова әлгі «Қазақ жері деп кеуде кермей-ақ қойыңдар» деп жаһанға жар салатын 10-сынып оқушысы Шахсанамның сынып жетекшісі екен. Демек, оқушының бұл ісіне қазақ сыныптарына да сабақ беретін, ұйғыр тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріп алған ұстаздың да еңбегі болып тұр ғой.

Қош! Осындай тиіттей нәрселердің соңы ұлтаралық кикілжіңге әкелетінін бұған дейін де көрдік. Бұл мәселеге қатысты Ұйғыр ауданының әкімі мен заң орындары назар аударып, заңсыз әрекетін дұрыс санап отырған ұстазды жауапқа тартуы керек. Сонымен қатар, жастардың тәрбиесіне баса назар аударып, Ақтамдағыдай кішігірім төбелестердің әлеуметтік жанжал деңгейіне айналып кетпеуін қадағалаған дұрыс. Сонда негізсіз жанжал бастағысы келіп жүрген «туыстарға» сабақ болар еді деп ойлаймын.

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР

Алматы облысы

«Facebook» парақшасынан

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.