Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

МЫҢНАН АСА БАСПАНА ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН — ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

12.05.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
МЫҢНАН АСА БАСПАНА ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН - ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистер үйінде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың қатысуымен брифинг өтті. Оған республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Брифинг шаһарды дамыту және қордаланған мәселелерді шешуге арналды.

Шаһар басшысы сөзін қаладағы өзекті мәселелерден бастады. Қалада құрылыстың ретсіз салынуы, саудагерлердің орталық базарда қоғамдық  орынды рұқсатсыз жайлап алуы, тазалықты сақтамау, газдандыру мәселелері, жер учаскелерінің жетіспеушілігі, пәтер құжаттарының жоқтығы жайлы айта келіп, аталмыш мәселелерді шешу барысындағы ойымен бөлісті.

Қала басшысының айтуынша, 2022 жылдың 6 мамырында тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны – 16 333 азамат.  Оның ішінде, 6 327-сі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Ал 10 006 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. Олардың қатарына  көпбалалы отбасылар, толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, мүгедек, жетім балалар жатады.

Қала әкімі Әсет Дүйсебекұлының айтуынша, пәтерлердің басым бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жеңілдікпен кредиттеу бойынша берілген. Тұрғын үй кезегіндегі ашықтықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында жаңа жүйе енгізілген. Кезек толығымен «КЕЗЕКТЕ» порталына ауыстырылған. Бұл – сыбайластықтың алдын алатын тәсіл.

Бұған дейін тұрғын үй кезегі қызметкерлердің компьютеріндегі Excel кестесі бойынша жүргізілген. Олар жылына бір рет кезектерін көріп, құжаттарын реттеп отыруы керек болған. Енді кез-келген адам өз кезегін «КЕЗЕКТЕ» порталынан қадағалай алады. «Excel» форматындағы тізімдерді электрондық кезекпен салыстыру кезінде 1720 сәйкессіздік анықталған. Тексеру кезінде көптеген заңбұзушылықтардың орын алғандығы анықталған. Мысалы, кезекте тұрған 576 адамның  ЖСН-ы жоқ. Кейбір мүгедек баланың ЖСН, кезекке тұру дәйегі анықталмаған.

Бұдан әрі қарай тұрғын үй комиссиясының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін тізімге қоғамдық бірлестіктер және депутаттардан бақылаушылар енгізілді. Баспана кезегіне негізінен мүгедектер, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік қорғалуды қажет ететін адамдар алынатыны белгілі. Бірақ та кезекте тұрғандардың көпшілігі жеңілдіктерін дәлелдей алмаған. Тізімді қайта тексеру негізінде 2054 азамат кезектен алынып тасталған. Бұл – мұқтаж жандардың көптен күткен пәтерін алуға  мүмкіндік алатындығының дәлелі.  Сондай-ақ, пәтерлерді және жалдау төлемдерін есепке алуды жолға қою қажет.

Талдықорған қаласының коммуналдық меншігінде 1993–2020 жылдардан бері берілген 3235 тұрғын үй бар.

Баяндамашының сөзінше, 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1014 тұрғын үйдің құжаты заңдастырылмаған. Яғни, азаматтарды тұрып жатқан тұрғын үйге қоныстандыру туралы шешім шығарылмаған. Құжаттары жоқ 330 пәтер жеке тұлғаларға және жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге берілді. Аталған мәселені шешу мақсатында пәтерлерді ведомстволық (қызметтік) пайдалану үшін тиісті құрылымдарға беру ұсынылады.

Қала әкімінің айтуынша, Талдықорған қаласы бойынша  баспана салу жүзеге асырыла береді. Өткен жылы 9 шағын ауданда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыға 35 тұрғын үйдің құрылысы басталды.  Аталмыш  шағын ауданында 54 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.

Басқосу барысында қала әкімі сайжай мәселелеріне де тоқталды. «Қала маңындағы саяжайларда 6269 тұрғын үй бар.  Онда барлығы 20 мың адам тұрады. Алматы, Ащыбұлақ Қызылтас, Мерекелік, Үйтас саяжай қоғамдары бойынша жоспарлау жобалары әзірленіп, бекітілді.  Шайқорған, Сарыарқа және Қаратал саяжайларына инфрақұрылым тарту бойынша шаралар жүргізілуде.

Брифингте қала мен қала маңындағы елдімекендерді газбен қамтамасыз ету мәсесі де сөз болды. Бүгінгі таңда газға 28,5 мың абонент қосылған. Қаланы газдандыру жобасы 4 кезеңге және 22 іске қосу кешеніне бөлінген. Бірінші  кезең бойынша 5327 абонент,  екінші кезең бойынша 15792, үшінші кезең бойынша 4260, төртінші кезең бойынша 2897 абонент көгілдір отынға қосылады. Газға қосылу құны 300-ден 920 мың теңге мөлшерінде.

Брифингте электр желілерін энергия беруші ұйымның балансына беру туралы мәселе қаралып жатқаны айтылды. Мысалы, қалаға тиесілі желінің  ұзындығы 1190 шақырымды құрайды. Желілерді қала бюджетіне беру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылады.

Қала жолдары негізгі мәселенің біріне жатады. Қаладағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 661,3 шақырымды құрайды. Шаһарда 640 көше бар. Биыл 70,9 шақырым  жолдың 105 көшесін жөндеп, ұстауға бюджеттен 4,8 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ,  ұзындығы 18,9 шақырым 27 көшені  салуға 2 млрд. теңге бөлінген. Қала халқы үшін балалар алаңқайлары мен аулаларды абаттанбырудың маңызы зор.

Шаһар бойынша  814 тұрғын үй құрылысының  базасында 275 аула  бар. Әсет Дүйсебекұлы өз баяндамасында «Талдықорған-Коркейту» ЖШС мердігер ұйымы күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізетінін тілге тиек етті. Қала басшысы Біржан сал және Мұқан Төлебаев көшелері бойынша үздіксіз жаяу жүру маршрутын құру жайлы жоспарымен бөлісті. Осы мақсатта Біржан сал (Арбат) және Мұқан Төлебаев көшелеріне зерттеу жүргізген тәжірибелі урбанистер  жобалық шешімдер ұсынып, жаяу жүргіншілер жолын жасау үшін есептеулер жүргізді.

Қаладағы тағы бір өзекті мәселе қоғамдық дәретханалардың жоқтығы. Ол жөнінде баяндамашы ағымдағы жылдың 22 сәуірінде қоғамдық дәретханалар сатып алуға 8,5 млн. теңге сұрап, бюджеттік өтінім берілгендігін айтты. Оларды Қаратал өзенінің бойымен өтетін бөлімшелерде орнату  жоспарлануда. Қала әкімінің журналистермен кездесуінде жер мәселесі де айтылды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың ашық бірыңғай тізілімін енгізу мақсатында өтініштерді түгендеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда екі округ кезекті түгендеуді аяқтап, тізімдерді облыстық жер қатынастары басқармасына тапсырды. Осыған байланысты egov.kz электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою қызметі іске қосылды. Ағымдағы жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу кезегінде 30520 азамат тұр», – деді шаһар басшысы.  

Брифингте журналистер қаланы дамыту барысында  көптеген өзекті мәселені қозғады.  Өз ойларымен бөлісті. Ұсыныстарын айтты. Қала әкімі Әсет Масабаев қозғалған мәселелер жайында барынша ұғынықты, жан-жақты жауап берді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026
Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.